Басты бет

ЖАҢА ОҚУ ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

Биылғы 2023-2024 оқу жылы біздің мектеп ұжымы үшін жақсы жаңалығымен басталды.
🏫Қала мектептеріндегі үш ауысымдық оқуды болдырмау мақсатында Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп жанынан 550 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беріліп отыр. 3142,80 шаршыны құрайтын мектеп құрылысын «Промстройсервис.Е» ЖШС-гі жүргізді.
🔰Сонымен қатар қосымша ғимарат алдынан кептелісті болдырмау мақсатында автотұрақ құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді.
🔰Осы уақытқа дейін жобалық қуаты 1200 орындық болатын мектепте 4 мыңнан аса бала білім алып келді. Биыл бірінші сыныпты 400 бала аттағалы отыр.
🔰Мектеп жанынан бой көтерген үш қабатты білім ордасында 2 компьютерлік, медициналық кабинет, логопед, арнайы жабдықталған жолда жүру ережесі және робототехника кабинеттері, тағы да басқа терең білім алуға қажетті материалдық жағдайлардың бәрі жасақталған. Сынып бөлмелері жаңа жиһаздармен, қажетті құрылғылармен жабдықталған.
🔰Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы, қаржы саласының ардагері, Жаңақорған ауданы және Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері Әжібеков Қалқазбек Әжібекұлы, білім саласының ардагері, «Оқу-ағарту министрлігінің еңбек ардагері» медалінің иегері Мұханов Ерденбек Бектайұлы қатысып, ізгі тілектерін білдіріп, ақ баталарын берді.
🔰Одан әрі салтанатты шараға қатысушылар жаңа оқу ғимаратының оқу кабинеттерімен танысты.

СҮЙІНШІ💫

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ “100 ҮЗДІК МЕКТЕП” ҚАТАРЫНА АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАРЫ БАР МЕКТЕБІМІЗ ЕНДІ

     2022-2023 оқу жылын мектебіміз жағымды жаңалықпен, керемет жетістікпен бастады.Білім көкжиегінде білім бәйгесіне түскен әрбір жетістігіміз жеңіс тұғырынан көрініп, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАР,ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР, АБАЙ ЖЕЛІЛІК МЕКТЕПТЕР АРАСЫНАН ӨТКІЗІЛГЕН БАЙҚАУЛАР мен ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕБІМІЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА.

   “БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ” деген даналық пікірді ұстанған ұстаздарымыздың  еселі еңбегі бүгін тағы да нәтижесін берді. Ұстаздарымыз шәкірттерін аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі білім додасына дайындап, жүлделі орындарды иеленуде, мектебіміздің мәртебесін арттыруда еңбектері зор.

   МЕКТЕБІМІЗДІҢ АБЫРОЙЫ АРТА БЕРСІН!БІЛІМ САЛАСЫНДА ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАР ТІЛЕЙМІЗ!

БІЛІММЕН ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІК 🌟🌟🌟

       Білім жолындағы жетістіктерімен мектебіміздің абыройын асырып, білікті ұстаздарымыздың еңбегін ақтай білген жұмыс қорытындысымен бөліскелі отырмыз. 

⚜️АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАРЫ БАР МЕКТЕБІМІЗДЕ 2021-2022 оқу жылының 16 мамыр — 5 шілде аралығында өткізілген ҰБТ-ға 171 оқушы қатысты. 

⚜️Мектеп бойынша орташа көрсеткіш 86 балды құрады.

⚜️54 оқушымыз 100 –ден жоғары балл жинады.

⚜️Мемлекеттік грантқа конкурсқа түскені -162.

⚜️Барлық  грант саны-119. 

👩🏻‍🏫👨🏻‍🏫🧑🏻‍🏫👩🏻‍🎓👨🏻‍🎓Педагогикалық мамандық бойынша -28.

🧑🏻‍⚕️👨🏻‍⚕️👩🏻‍🔬🧑🏻‍🔬👩🏻‍⚕️Медициналық мамандыққа оқуға түскендер-13.

👷🏻‍♀️👮🏻🧑🏻‍🔧👨🏻‍🚒🧑🏻‍✈️Техникалық мамандыққа түскендер саны-40.

👩🏻‍🌾🧑🏻‍🌾👨🏻‍🌾👩🏻‍🌾👨🏻‍🌾Ауыл шаруашылық мамандығына түскендер саны-1.

👮🏻👷🏻‍♀️🕵🏻👨🏻‍💻👩🏻‍💼Әртүрлі мамандыққа түскендер саны-35.

👩🏻‍🎓🧑🏻‍🎓👨🏻‍🎓👩🏻‍💼🧑🏻‍💼2 оқушы шет мемлекет грант иегері атанды.

⚜️Мемлекеттік грантты иелену -91 % құрады.

⚜️Алдағы оқу жылында мектеп ұстаздары мен оқушыларымызға толағай табыстар тілейміз! 👏🏻👏🏻👏🏻

«Алғашқы  қоңырау» 

Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар, ата-аналар!

Баршаңызды бүгінгі қуанышты мереке «1 ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІМЕН» құттықтаймыз!

Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм тақырыбында «Алғашқы қоңырау»  салтанатты жиыны болып өтті.  2022-2023 оқу жылының дәстүрлі салтанатты жиынында бүлдіршіндеріміз алтын ұя мектебіміздің табалдырығын алғаш аттап, үлкен өмір жолына қадам басты. 

Биылғы 2022 жылдың біздер үшін маңызы ерекше. Себебі Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: — «Балалар әрдайым мемлекет назарында болуы тиіс. Себебі олардың амандығы мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» – деп, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.  

Бүгінгі салтанатты шарамыздың қадірлі қонақтары:

Облыс әкімінің орынбасары Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы бүлдіршіндерімізді  алғаш мектеп табалдырығын аттау рәсімімен  құттықтады.

2021-2022 оқу жылында мектебіміз  жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін «ЕҢ ҮЗДІК ҚАЛА МЕКТЕБІ -2022» 🏫номинациясын жеңіп, 2022-2023 оқу жылы қарсаңында   Республика бойынша «Үздік 100 мектеп» қатарына кіріп отыр. Былтырғы оқу жылында мектеп бітірген 119 түлегіміз грант иегері атанды.👩‍🎓👨‍🎓

Мектебіміздің директоры  Садвакасова Жанат Мылтықбайқызы балаларға табысты оқу жылы мен зор денсаулық, жаңа білімге, жеңістер мен жаңалықтар ашуға күш-жігер, еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберлікті одан әрі шыңдап, игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тіледі.

Осылайша 2022-2023 оқу жылының «Алғашқы қоңырауы» соғылды.  Одан әрі мерекелік шара 1-11 сыныптар арасында «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатымен жалғасты. 

 

Жаңа оқу жылынан бастап Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептен «Abai school» басылымы оқырманға жол тартты. Басылым мектептің жаңалығымен қатар оқушылардың шығармашылығынан сыр шертеді. Газеттің негізгі мақсаты — білім алушыларды шығармашылыққа шыңдау және мектебіміздің тың жаңалықтарын оқырман қауыммен бөлісу.

Басылым 4 беттен тұрады. Басты бетте  мектептің айшықты ақпараты жарияланса, 2-3 беттерден редакцияның жас тілшілерінің мақалалары сондай-ақ оқушылардың шығармашылығынан таныс боласыздар. Соңғы бетіміз бітіруші түлектерге керекті кеңес пен ҰБТ-ға бағыт бағдар беріледі. «Abai school» газеті айына бір рет шығарылды. Таралымы 100 дана.