«Абайтану» шығармашылықты дамыту орталығы

«Абайтану» шығармашылықты дамыту үйірмелер желісі орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс тұжырымдамасы

… Қазақстан ұлы державада болуы

үшін бізге күш  қуат, қажыр қайраты     мол, ақылды да ойлы, дарынды   жастар керек.”
                                    Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бадарламасын  бекіту туралы» 2019 жылғы №988 қаулысында «Мемлекеттік тілді басым дамыту білім беруді әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту есебінен күшейтілетін болады. Ол үшін гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттарының желісі құрылатын болады» делінген. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов 2020 жылдың 04 маусымдағы халыққа онлайн есеп беру жиынында  «Абайдың 175 жылдығы аясында гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаттары желісін құру жұмыстары басталып кетті. Бұл мектептер 10 өңірде ашылды. Енді жыл соңына дейін қалған 7 өңірде ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады», – деп есеп берді.   Осыған сәйкес, Абайдың 175 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы №183 қаулысына сәйкес мектеп атауы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып мектеп  атауы өзгертілді.

         Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың дарынды қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу  –  мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
«Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет».
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Осы орайда Абай шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың жан-жақты білім алып, дарынды қасиеттерін ұштау мектеп мұғалімдерінің еншісінде. Мектебіміздің ұлы Абай есімімен аталуына орай биылғы оқу жылынан бастап Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына тереңнен мән беріп зерттеу, кесек-кесек жұмыстар жргізу жоспарлануда. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы мен толық адам танымдарын назарға ала отырып, Абайдың ізбасарларын, шәкірттерін тәрбиелеп, ақынның мол мұрасын жалғастыру үшін «Абайтану» шығармашылықты дамыту үйірмелер желісі орталығын іске қостық. Орталық жұмысы бірнеше бағыттан құралады. «Қауырсын қалам», «Жас қаламгер», «Жас тілші», «Сахна әлемі», «Айтыс қанатында», «Сөз додасы», «Медиасауаттылық», «Дебат» үйірмелері жұмыс жасайды.

         Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және осы тұжырымдама негізіндегі бағыттар арқылы  оқушының танымдық белсенділігін дамытумен жүзеге асады.

«Абайтану» шығармашылықты дамыту үйірмелер желісі орталығының мақсаты:

  1. Оқушының бойындағы шығармашылық қуатын ашу, оны сақтау және дамыту;
  2. Оқушының ішкі мүмкіндіктерін тани білу және оның қолданыста игеруіне жағдай жасау;
  3. Оқушының жаңаша ойлауына, өзінің іс-әрекеті үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген көзқарасын қалыптастыру;
  4. Оқыту барысында оқытылатын танымдық, зияткерлік іс-әрекеті үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген көзқарасын қалыптастыру;
  5. Бейіндік саласын жан-жақты меңгерген, білімі терең, ұлтын сүйетін, халқының әдет-ғұрпын қастерлейтін жеке тұлға қалыптастыру.

«Абайтану» шығармашылықты дамыту  үйірмелер желісі орталығының міндеттері:

  1. Олимпиада, халықаралық конкурстарға дарынды оқушыларды даярлау;
  2. Ғылыми-зерттеу жобаларын жасауды үйрету және дамыту;
  3. Педагогикалық іс-тәжірибені жинақтап, тарату.

«Абайтану» шығармашылықты дамыту  үйірмелер желісі орталығының іске асыру принциптері:

  1. Дарынды балаларға жеке көзқарас;
  2. Ұжымдастырушылық;
  3. Шығармашылық (креативтілік).

         І. Оқушыларды поэзияға баулу, ақындық қабілетін шыңдау.

«Қауырсын қалам» үйірмесі

Ақындық қабілеті бар балаларды анықтау үшін  оқушылардың мынадай белгілеріне қараймыз:

—  поэзияға деген қызығушылықтары басым келеді;

—  өлең шығару қабілеттері байқалады;

—  ізденімпаздық және шығармашылық қабілеті көрінеді.

Ақын балаларды қалай анықтаймыз?

  • оқушыларға әртүрлі тақырыпта өлең шығаруға тапсырма беру;
  • психо-педагогикалық бағыт-бағдар беру;
  • сабақ барысында оқушыларға поэзия оқуға мүмкіндік беру.

Оқушының ақындық қабілетін анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

— поэзия кешін, ақындар мүшайрасын ұйымдастыру;

­— шығармашылық қабілетін анықтау;

— өлең құрылысы туралы білімдерін кеңейту.

Ақындық қабілеті бар балалармен жұмысты жүргізу әдістері:

  • оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
  • үйге жеке тапсырмалар беру.
  • аптасына бір рет үйірме жұмысына шақыру.

Күтілетін нәтиже:

— Оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық ақындар мүшайрасында жоғары жетістікке қол жеткізуі. Абай, Мұқағали оқуларына оқушылар дайындау.

­

ІІ. Оқушылардың жазушылық қабілетін дамыту. «Жас қаламгер» үйірмесі

Жазушылық қабілеті бар балаларды анықтау үшін  оқушылардың мынадай белгілеріне қараймыз:

—  прозаға, кітап оқуға деген қызығушылықтары басым келеді;

—  жазушылық  қабілеттері байқалады;

—  ізденімпаздық және шығармашылық қабілеті көрінеді.

Жазушылық қабілеті бар балаларды қалай анықтаймыз?

  • оқушыларға әртүрлі тақырыпта әңгіме жазуға тапсырма беру;
  • психо-педагогикалық бағыт-бағдар беру;
  • сабақ барысында оқушыларға проза жанрында шығарма жазуына түрткі боларлық әдістерді қолдану.

Оқушының жазушылық қабілетін анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

— мектептің коворкинг орталығында оқырмандар конференциясын, ақын-жазушылармен кездесу кешін ұйымдастыру;

­— оқушыларға оқуға тиісті кітаптар тізімін беріп, аннотация жазуға дағдыландыру;

— әдеби кітаптар негізінде үздік буктейлер жарысын ұйымдастыру.

Жазушылық қабілеті бар балалармен жұмысты жүргізу әдістері:

  • оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
  • үйге жеке тапсырмалар беру.
  • аптасына бір рет үйірме жұмысына шақыру.

Күтілетін нәтиже:

—Оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту, шығармашылығын шыңдау. Әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.

ІІІ. Медиасауаттылық. «Жас тілші» үйірмесі

Оқушылардың медиасауаттылығын арттыру үшін  журналистикаға қабілеті бар балалардың мынадай белгілеріне қараймыз:

—  жүргізушілік қабілеттері байқалады;

—  камера алдында сөйлеуі мен өз-өзін ұстау әдебі көрінеді;

—  газет, журналдарға мақала жазуға белсенділіктері басым келеді.

Журналистикаға қабілеті бар балаларды қалай анықтаймыз?

  • мектептегі фото-видео студиясындағы операторлармен бірлесе жұмыс жасауын анықтау;
  • ақпаратпен жұмыс істеуіне, материалдарды бағалауына, талдауына, жалған мәлімет  пен насихатты ажырата білуіне қарау.

Оқушының медиасауаттылығын  анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

— мектеп газетіне материалдар даярлайтын тілшілерді жинақтау;

— ютуб каналында сөйлеуін, видеоларды монтаждау жұмыстарымен айналысуын бақылау;

— газет, журналдарға мақала жазуға қабілеті бар оқушыларды бейімдеу.

Журналистикаға қабілеті бар балалармен жұмысты жүргізу әдістері:

  • оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
  • үйге жеке тапсырмалар беру.
  • аптасына бір рет үйірме жұмысына шақыру.

Күтілетін нәтиже:

—Медиасауатты оқушыларды даярлау. Журналистика саласына бейімі бар оқушыларға бағыт беру.

ІҮ. Сахналық қойылым. «Сахна әлемі» үйірмесі

Актерлік қабілеті бар балалардың мынадай белгілеріне қараймыз:

—  көпшілік алдында өзін еркін ұстай алатын, өз ойын, пікірін жеткізе алатын ерекшелігі байқалады ;

—  өнерге деген қызығушылығы көрінеді;

—  ұжыммен жұмыс істей алатын, шығармашыл қабілеті білінеді.

Актерлік қабілеті бар балаларды қалай анықтаймыз?

  • сабақ барысында өтілген шығарма негізінде қойылым қою;
  • мектепішілік іс-шараларда сахналық қойылым қоюды ұйымдастыру.

Оқушының  актерлік қабілетін анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

— актерлік өнердің негізімен таныстыру;

— телеспектакльдерді көру;

— шағын спектакльдерді қою.

Актерлік қабілеті бар балалармен жұмысты жүргізу әдістері:

  • оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
  • үйге жеке тапсырмалар беру.
  • аптасына бір рет үйірме жұмысына шақыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Әр оқушының өзіндік қабілетін ашу, белсенділігін арттыру. Шығармашылығын шыңдау.

Ү. Айтыс өнері. «Айтыс қанатында» үйірмесі

Айтыс өнеріне қабілеті бар балалардың мынадай белгілеріне қараймыз:

—  сөз саптауы, тапқырлығы, суырыпсалма ақындық қасиеті байқалады;

—  домбыра аспабында еркін ойнайды;

—  шешендік қасиеті көрінеді.

Айтыс өнеріне қабілеті бар балаларды қалай анықтаймыз?

  • оқушылар арасында мектепішілік айтыс ұйымдастыру;
  • сабақ барысында суырыпсалма қасиетін дамытатын түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;
  • теориялық білімін жетілдіретін тарихи және әдеби кітаптарға деген қызығушылығын байқау.

Оқушының айтыс өнеріне қабілетін анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

— айтыс өнерінің негізімен, тарихымен таныстыру;

— айтыс үзінділерін көрсету;

— көпшілік алдында өз-өзін ұстауын, сахна мәдениетін қалыптастыру.

Актерлік қабілеті бар балалармен жұмысты жүргізу әдістері:

  • оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
  • айтыс додаларына қатыстыру.
  • аптасына бір рет үйірме жұмысына шақыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Айтыс додаларында жүлделі орын алуға оқушыларды даярлау.

ҮІ. Дебат клубы. «Сөз додасы» үйірмесі

Пікірталасқа қабілеті бар балалардың мынадай белгілеріне қараймыз:

—  өзін ортада еркін ұстап, ойын ашық айта алуы байқалады;

—  дәйектемені нақты ұсына отырып, өз сөзін дәлелдеуі нақты көрінеді;

—  шешендік қасиеті көрінеді.

балаларды қалай анықтаймыз?

  • оқушылар арасында мектепішілік дебат ұйымдастыру;
  • сабақ барысында пікірталас алаңын өткізу;

Оқушының пікірталас алаңына қабілетін анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

— нақты дәйектемені қолдануына, өз сөзін дәлелдеуіне қажет фактілерді іріктеуді үйрету;

— шешендік өнердің ерекшелігімен таныстыру;

— көпшілік алдында өз-өзін ұстауын, сахна мәдениетін қалыптастыру.

Піікірталасқа қабілеті бар балалармен жұмысты жүргізу әдістері:

  • оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
  • дебаттарға қатыстыру.
  • аптасына бір рет үйірме жұмысына шақыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Шешен, өз ойын нақты фактімен дәлелдей алатын, сауатты пікір білдіретін оқушы даярлау.

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің «Абайтану» шығармашылықты дамыту  үйірмелер желісі орталығының

ЕРЕЖЕСІ

  1. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

Осы ереже Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің «Абайтану» шығармашылықты дамыту  үйірмелер желісі орталығының(әрі қарай — ШДО) қызметін реттейді, мектептің Жарғысы негізгі міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді анықтайды.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  2.1 ШДО мектептің құрылымдық бөлімі болып табылады, оның мақсаты қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар мен білім беру саласында инновацияларды енгізу үшін қазіргі заманғы білімі мен тәжірибесі бар бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды даярлауға қатысу.

2.2 ШДО тікелей мектеп директорына бағынады.

2.3 ШДО өз қызметін мыналарға сәйкес жүргізеді:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдары;
  • Білім беру және ғылым саласын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары;
  • «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысы // http://edu.gov.kz.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілері;
  • Мектеп жарғысы;
  • Мектеп директорының бұйрықтары, жарлықтары;
  • Осы Ереже.
  • «Серіктес директорлар» лигасының құжаттары:

2.4 Осы ереже мектеп директорымен ШДО қойылатын талаптың өзгеруіне сәйкес қайта қаралады, бірақ кем дегенде 3 жылда бір рет.

3. ҚҰРЫЛЫМ

  • ШДО қызметкерлері 6 штаттық бірліктен тұрады:
  • орталық жетекшісі – 1 бірлік;
  • аға ғылыми қызметкер – 4 бірлік;
  • лаборант –1 бірлік;

4. МІНДЕТТЕР

ШДО міндеттеріне жатады:

  • ШДО Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептіңбөлімшесі болып табылады, оның мақсаты қоғамдық-гуманитарлық ғылымдары мен білім беру саласында инновацияларды енгізу үшін қазіргі заманғы білімі мен тәжірибесі бар бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды даярлауға қатысу, шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру болып табылады.
  • жастарды өнерге, мәдениетке құштарлығын дамыту мен тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
  • оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, ұлт болашағына жауапты, рухани адамгершілігі жоғары азаматты тәрбиелеу.
  • жас таланттарды қолдау және шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау.
  • ғылыми, білімдік және жоғары технологиялық саладағы білім беру орындарын қатыстыра отырып дарынды оқушыларды дайындауға қатысу;
  • мемлекеттік және әріптестік механизмін дамытуға ықпал ету;
  • шығармашылықты дамыту мақсатында ҚР ішінде және шетелдік ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге қатысу.

5. ҚЫЗМЕТТЕРІ

ШДО қамтамасыз етеді:

  • ШДО ұйымдастыру жұмыстарының авторлық бағдарламасын дайындау және орындау;
  • ШДО базасында дарынды оқушыларды дайындау сапасын арттыруға қатысу;
  • ШДО базасында білім беру мекемелерінің оқытушыларын, қызметкерлерінің білімін  жетілдіру;
  • ШДО қызметі туралы есепті жыл сайын ұсынып отыру.

6. ҚҰҚЫҚТАРЫ

ШДО құқығы:

  • осы ережеде көрсетілген барлық  жұмыстарды жүзеге асыру;
    • облыстық білім басқармасы және білім беру мекемелерімен ШДО тиесілі және осы ережеде көрсетілген қызметтерден туындайтын сұрақтар бойынша келісуге;
    • мектеп директорымен бағдарлама, әдістеме, жұмыс бағдарламасы және қажетті техникамен, қондырғылар және материалдармен уақытылы қамтамасыз ету жөнінде келісуге;
    • ШДО тиесілі және облыстық білім басқармасымен келісімді қажет етпейтін сұрақтар бойынша хат алмасуға.
  •  Мектеп директорымен келісе отырып, мектеп атынан қойылатын талаптарға сәйкес ШДО бойынша басқа мекемелер және ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;
  • қызметкерлерді ауыстыру жөнінде, сәтті жұмысы үшін сыйақы тағайындауға, және де еңбек тәртібін бұзған қызметкерлерге ескерту жасау жөнінде мектеп директорына ұсыныс айтуға;
  • ШДО  тиесілі сұрақтар мен ұсыныстарға түсініктеме беруге;
  • ШДО нәтижелерінің жетістіктерін енгізу бойынша конференциялар, жиналыстар, семинарлар жүргізуге және қатысуға;
  • ШДО жетекшісі, орталық әрекетіне байланысты барлық құжаттарға қол қояды (жоспарлар, келісім-шарттар, есептер, сметалар, анықтамалар және т.б.).

7. БАСҚА МЕКЕМЕЛЕРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

7.1 Облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі:

  • орталық жетекшісі педагогикалық кеңеске қатысуы;
  • орталықтың қызметі туралы есепті мектептің педагогикалық кеңесіне уақытылы ұсынып отыру;
  • облыстық білім басқармасы басшысы мен қалалық білім бөлімі басшысының сұранысы бойынша ақпараттық-анықтама материалдар дайындау;
  • орталықтың жылдық жұмыс жоспары және стратегиялық даму бағдарламасын белгіленген тәртіппен мектеп директорына бекітуге ұсыну;

7.2 Облыстық оқу-әдістемелік орталығы, облыстық «Дарын» орталығы:

  • ұйымдастырылған конкурстар мен олимпиадаларға дарынды оқушыларды даярлауды қамтамасыз ету;
  • орталық қызметкерлерінің ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдар мен семинарларға (қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық) қатысуы;

         7.3 Қорқыт Ата атындағы университет, «Болашақ» университеті:

  • университет профессор-оқытушылар құрамының дарынды оқушыларға ғылыми жетекшілік қызметін ұйымдастыру және дамыту;
  • орталық компьютерлеріне техникалық қызмет көрсету (жөндеу, антивирустық бағдарламаларды жаңарту және т.с.с.);
  • компьютерлік және басқа да техникалар алу;
  • ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну;
  • интернет пен деректер қоймасына қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • іс-шараларды мультимедиялық проектормен, сурет-бейне түсірілімдермен қамтамасыз ету;
  • Ғылыми және т.б. әдебиеттермен (оның ішінде электронды және магнитті сақтау құралдарында) қамтамасыз етілу жөнінде ақпарат жинақтау;
  • қажетті ғылыми әдебиеттер мен журналдарды алуға өтініштер беру;
  • кітап көрмелері, оқу конференциялары, жаңа кітап тұсаукесерлерін ұйымдастыру және қатысу;
  • оқу залында кітап абонентімен жұмыс істеу.