Last Updated on 11.02.2021 by Nauriz91

04 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні магистрлерінің ұйымдастыруымен «АБАЙ СӨЗІ — ҚАЗАҚТЫҢ БОЙТҰМАРЫ» атты тағылымды іс -шара облыстық деңгейде дөңгелек үстел форматында болып өтті. Іс-шараға «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» директоры Ортаева Ләззат Абайқызы ,әдіскері Ерекешева Жаныгул Мұхитқызы , Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасының қызметкерлері Сәдібекова Шолпан,Әділхан Жансая және мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, хакім Абай мұрасын насихаттау болатын. Іс-шара барысында оқушылар, ұстаздар мен қатысушы қонақтар арасында Абай мұрасының танымдық-тағылымдық мәні зерделеніп , әрбір сұрақтың жауабы Абай шығармаларының негізінде өріліп отырды. Абай мен жаңа замандағы ізбасарының сахналық диалогы Абай айтқан даналық ойдың, өмірлік пайдалы өсиеттің бүгінгі және кейінгі ұрпақ үшін қашан да жанып тұрған шамшырақ іспетті екенін бейнелеп көресетті. Облыстық кітапхана қызметкерлері Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай арнайы баспадан шыққан жаңа басылымдарды таныстырып өтті.Шара соңында мектебіміздің ақын ұстаздары мен мектеп мақтанышына айналған түлегі Еркінов Дарын және жас ақын Піржан Сандыбай арнау өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.