30.04.2022 күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің “ Ана тілім — Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім” атты онкүндік аясында пән бірлестіктері арасында “Абай тағылымы” фестивалі болып өтті.
Фестивальдің мақсаты:- «Абай жолы» роман-эпопеясындағы бейнеленген гуманистік құндылықтарды, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерді жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын насихаттау, мәдени келбетті танытатын халықтық мұраларына мән беру;- қазақ жеріндегі бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға деген құрметті қалыптастыру.
1. Фестивальге қатысушылар төмендегі бағыттардың біреуін ғана таңдап, бейнебаян түсіреді:
I бағыт – «Салт-дәстүр»ІІ бағыт – «Ұлттық ойындар»ІІІ бағыт – «Ұлттық тағамдар»Әр бағыт «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынады.
Мұғалімдеріміз І,ІІ, ІІІ дәрежелі диплом мен алғыс хаттармен марапатталып,кәсіподақ ұйымының дайындаған сыйлықтары табысталды.
БАС ЖҮЛДЕ Бастауыш пәні бірлестігі
І дәрежелі диплом — тарих пәні бірлестігі
ІІ дәрежелі диплом — информатика
ІІІ дәрежелі диплом — музыка және өзін-өзі тану
Алғыс хатпен — физика, ағылшын тілі, көркем еңбек пәні бірлестіктері марапатталды. Белсенділікпен қатысқан мұғалімдерімізге алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тілейміз.



