«Ұстаздар күні» — мерекесіне орай мектебімізде еңбек етіп, қазіргі таңда зейнетке шыққан ардагер ұстаздарымыз құттықталды.

Мектебімізден барған ұстаздар мен оқушылар ардагер ұстаздарымызға қоғам мен адамзат алдында өлшеусіз еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері көпке үлгі екенін айтып, алғыс білдіріп, тілектерін айтты.