👮‍♂️Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепке Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Анықтау басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жамал-ад-Дин Назарбек келіп, мектеп оқушыларына жолда жүру ережесене байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

✅Көшеде жаяу келе жатқанда сен жаяу жүргіншісің. Көшеде, тек тротуар және жаяу жүргіншілер жүретін жолда, қарсы келе жатқан көліктердің қозғалысына кедергі болмас үшін оң жақта жүруге рұқсат етіледі. Тротуар болмаса, қозғалысқа қарсы жолдың жиегімен жүру керек. Сонда жүргізуші сені алыстан көретін болады.

🚷Ақылды жаяу жүргінші, жолдан өтетін жерге де ешқашанда жүгіріп шықпайды. Ол жолды ақырындап өтеді, өйткені жүргізуші үшін жолға кенеттен жүгіріп шыққан адам қауіпті жағдай туғызады, бұл жерде жүргізуші машинаның жылдамдығын тез арада тежеп, жүргінші жолдан аман-есен өткізе алмай қалуы мүмкін🔻. 🔰ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІҢ ЖОЛДАН ӨТУ ҚАУІПСІЗДІК ТӘРТІБІН БІЛЕТІН БОЛ, БҰЛ ТӘРТІПТІ БҰЗБА, КҮНДЕЛІКТІ ҚАТАҢ САҚТАЙ БІЛ!