
Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы саналы, адал, мейірімді, жауапкершілікті, жасампаз ұрпақты тәрбиелеу.

«Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Фархад Лиясұлы, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Самат Алашбайұлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтар қатысты.

Семинар барысында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» «Біртұтас тәрбие: ұлттық құндылықтарды дәріптеу» аясында мазмұнға сай көрме;

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Поэзияның асқар шыңы Мұқағали» тәрбие сағаты — қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ешжанова Алтынай Қосжанқызы;

«Оқуға құшар мектеп» жобасы аясында «Кім оқыса таласа, дос боп кетем жараса» оқу сағаты — қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Әбдікамалова Сафура Түймебайқызы;

«Энерготерапия деген не?» психологиялық тренинг — қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сағымбай Айнұр Кемалбекқызы;

«Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Бала бойындағы эрудицияны дамытуда ұлттық құндылықтарды қолдану аясын кеңейту» — бастауыш сынып мұғалімдері Байжанова Макпал Шермухамедовна, Баимбетова Гулбаршын Каржаубаевна;

«Bala qorgau» жобасы аясында «Қазіргі жасөспірім – біздің болашақ» психологиялық тренинг — мектеп психологтары Ганиева Меруерт Рустемовна, Қуандық Ардақ Қанибекқызы;

Семинар соңында өз тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріміз қалалық білім бөлімі тарапынан алғыспен марапатталды.