Last Updated on 13.04.2021 by Nauriz91
Бүгін жыл сайынғы дәстүр бойынша, биыл 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің дене шынықтыру пәні мгғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейболдан ауыспалы кубок ойнатылды. Жарысқа әр бірлестіктен 9 команда және мектеп әкімшілігінен құралған 1 команда, барлығы — 10 команда қатысты. Биылғы жарыстың ерекшелігі әкімшілік құрамында мектебімізідің директоры Ж. Мылтықбайқызы да бірге ойнап, өзін тек басшылық жағынан ғана емес, спортта да үлгі боларлықтай ойын көрсете білді.
Ойын өте тартысты өтті. Қызықты әрі тартысты ойын көрсеткен ұстаздарымызға алғыс білдіреміз.
Жарыс нәтижесі бойынша мектеп әкімшілігі намысты қолдан жібермей, АУЫСПАЛЫ КУБОКТЫ иеленді. Бастауыш бірлестігі —
ОРЫНДЫ иеленсе, математика бірлестігі
ОРЫНДЫ иеленді.
Жарысқа қатысқан барлық команда Алғыс хаттармен, жүлделі орын алған командалар арнайы кубокпен және медальдармен марапатталды. Жарысқа қатысқан барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!