Дебат клубы

«GOLDEN WORDS» дебат клубы

 🔰Қызылорда облысының мемлекеттік архиві  Балалар жылына орай  «Архив және болашақ ұрпақ»  республикалық жобасы аясында  «Тарих тағылымы»  интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Бұл байқауға  мектебіміздің «GOLDEN WORDS» дебат клубының 8-9 сынып оқушылары қатысып,  жүлделі 🥇 орын иеленді. 

💫 Байқау  2-кезеңнен:

1️⃣ «Ұшқыр ой» тірек сөздерді  құрастыра отырып эссе жазу  

 2️⃣ «Өлке тарихы -ел тарихы»- архив құжаттары негізінде дайындалған викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы  оқушылар өз білімдерін  көрсетіп, білім додасында бақ сынады.

     🔰Шара барысында оқушылар архив қорындағы құнды  құжаттармен танысып,  тарихи жәдігерлердің сақталу және цифрландыру бойынша танымдық сағаты өткізілді .

     🔰Ұшқыр ойлы жастарға жетекшілік еткен тарих пәнінің мұғалімі Сайлауова Жамиля Қайратқызы.  

 

🎉🎉🎉Жеңістеріңіз құтты болсын!🎉🎉🎉 Оқушыларымыз  жеңіс тұғырынан көріне берсін. 🎉🎉🎉