Уткелбаева Айгуль Алтынбековна, 1980 жылы 11 ақпанда Қазалы ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
2003-2008 жж. – Қызылорда қаласы
№173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2008 жылы – республикалық білім сапасын бағалау орталығының білім сапасын мониторингілеу бөлімінде жетекші маман;
2008-2019 жж. – Қызылорда қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2019-2024 жж. Қызылорда қаласындағы Ә. Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей директоры;
2024 жылдың 12 тамызынан бастап Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп директоры;