Елбасы медалі

"Елбасы медалі"

2021 жылдан бастап «Елбасы медалі»  🏅жобасы 14-29 аралығындағы мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері үшін өткізілген болатын. Қатысушылар бұл бағдарламаға өзін-өзі дамыту үшін ұсынылған жеті бағыт бойынша қатысты.  

🤾🏻‍♀️»Спорт және денешынықтыру»

📘»Кітап оқу»

⭐️»Дарын мен дағды»

⚜️»Ұлттық мұра» 

🧑🏻‍💼»Еріктілік»

⛰️»Туристік саяхаттар» 

🧑🏻‍🎨»Еңбек тәжірибесі » атты үздік әлемдік  тәжірибеде қолданылған жобада біраз үміткер бақ сынады.

     💥Жастардың тек білімі мен табысының символы ғана емес, болашақта мектеп түлектерін елдегі ЖОО-ларда білімдерін грант иегері болып жалғастыруға бағытталған тың қадам жастардың қызығушылығын арттырды. 

     💥2022 жылдың 1 маусымында аяқталып, қорытындылаған бұл жобаға

мектебіміздің 10″S» сынып оқушысы Қожамұратова Лиана  6 ай бойы  басты 7 бағыты бойынша қатысып,  тапсырмаларды толығымен  ережеге сай орындап, талаптарға сәйкес аяқтады. 

     💥Осындай жетістігінің арқасында Қожамұратова Лиана Елбасының қола медалін иеленіп, қанжығалы оралды. 

 

🌟👏🏻🌟🥳Алдағы уақытта да болашағынан зор үміт күттіретін Лианаға табыс пен сәттілік тілейміз.🌟👏🏻🌟🥳

"ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛДАҒЫ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ

     2020 жылғы 9 желтоқсанда, «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Елбасы Академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және қоғам өкілдері енді.
     Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

ЖОБА ТУРАЛЫ

     «Елбасы медалі» — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

     Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.

     2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 аймақтық үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды. Медальдың алғашқы тұсаукесері 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Елбасы медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болады.

Сәрсенбай Айдана 10 сынып

Байқоныр Диляра 11 сынып

Қуанышбек Айжан 11 сынып