🏅2020 жылғы 9 желтоқсанда, «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Елбасы Академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және қоғам өкілдері енді. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.
🏅«Елбасы Медалі» жобасының мақсаты — әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау болып табылады. Бағдарламаға әрбір қатысушы өз бейімділігін таба алатындай, өзін-өзі бағалай білетін, өз ісінің үздігі, өз саласында көшбасшы бола алатындай, дербес тұлға және оған айналасындағыларды үйретуге мүмкіндігі болатындай әзірленген үздіктер қатысқан.
🏅«Елбасы медалі» — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Елбасы медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болады.Бұл тұрғыда мектебіиіздің білімпаз жастары тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, нәтижесінде 3 оқушы:
1. Қуанышбек Айжан-11 сынып оқушысы;
2. Байқоңып Диляра-11 сынып оқушысы;
3. Сәрсенбай Айдана-10 сынып оқушысы қола медаль иегерлері атанды.
Республика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене атсалысып, мектебіміздің даңқын шығарған оқушыларды құттықтаймыз және бiлiм беру жүйесiн дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосып жүрген ұстаздар қауымына ерекше алғыс білдіреміз. 🌹🌹🌹