Жетістіктер

Абай атындағы үштілде оқытатын  дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің Республикалық Абай желілік мектептер арасындағы қазақ тілі айлығы аясында өткізілген іс-шаралар есебі

Республикалық Абай желілік мектептер арасындағы қазақ тілі айлығы аясында қазақ тілінің қадірін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «ҚАЗАҚ ТІЛІ — ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС НЕГІЗІ» атты Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 6 — сынып оқушылары арасында «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР» тақырыбында  интеллектуалдық сайыс болып өтті.

        САЙЫС МАҚСАТЫ: Қазіргі қоғам талабына сай терең білімді, білік дағдылары мен құзырлықтарының негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

    Сайыс қорытындысы бойынша:

6″R» сыныбының оқушысы Алмасов Алмат — І орынмен,

6″Q» сыныбының оқушысы Қазанғап Ерсұлтан —  II  орынмен,

  6 «G» сыныбының  оқушысы Өмірзақ Інжу —  III  орынмен,

6″G» сыныбының оқушысы —  Әмірбек Ақылжан мен   6″К» сыныбының оқушысы Сағат Айзере алғыс хаттармен марапатталды.

Қызылорда қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған сыныптары бар мектебінің ұйымдастыруымен 24.09.2021ж республикалық  Абай желілік мектептері арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – көсемсөз шебері» тақырыбында  эссе байқауы өткізілді. Байқауға  республикалық Абай желілік мектептерінің 10-сынып оқушылары қатысты.

     Сайыс қорытындысы бойынша:  Қызылорда қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің оқушысы Қойбағарова Жанерке – 48 ұпаймен — І орын,

БҚО, Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернат оқушысы Аққали Аружан- 40 ұпаймен — ІІ орын,

Көкшетау қаласы Абай атындағы ДБАОММИ оқушысы Балсейіт Елдана – 39 ұпаймен-  ІІ орын,

Тараз қаласы, Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатының оқушысы        Оразбек Әсем – 38 ұпаймен — ІІІ орын,

Қарағанды облысы білім басқармасының «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Байбек Әйгерім – 35 ұпаймен — ІІІ орын,

Нұрсұлтан қаласы әкімдігінің «Абай атындағы  №87 мектеп-гимназиясы» Тілеміс Айерке – 35ұпаймен —  ІІІ орын иеленді.

         Абай мектептері желісі арасында 06.09.2021-06.10.2021 жыл аралығында республикалық «Қазақ тілі – ұлттық болмыс негізі» атты қазақ тілі айлығы жоспарға сәйкес өткізілуде. Қазақ тілі айлығы аясында 2021 жылдың 10 қыркүйек күні Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің ұйымдастыруымен  9-сыныптар арасында  А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай республикалық  «Ұлт мәдениетінің Хантәңірі»   тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара мақсаты: Ұлт реформаторы – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын, еңбектерін оқушыларға танытып, тәрбиелік мәнін ұқтыру. Шығармашылығын жан-жақты талдап, оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Абай мектептері желісі арасында 06.09.2021-06.10.2021 жыл аралығында республикалық «Қазақ тілі – ұлттық болмыс негізі» атты қазақ тілі айлығы жоспарға сәйкес өткізілуде. Қазақ тілі айлығы аясында 2021 жылдың 29 қыркүйек күні Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің ұйымдастыруымен  Абай желілік мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында     «Тіл мерейі – ел мерейі» атты  республикалық мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Сайыс мақсаты: Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу. Ана тіліне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Сайыс қорытындысы бойынша:

СҚО, Петропавл қаласы  Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Алимжанова Назарқыз —  І орынмен,

  Алматы қаласы Абай атындағы РММИ 9-сынып оқушысы Бекен Сая —  ІІ орынмен,  

ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп- гимназия интернаты» КММ 9-сынып оқушысы  Амангелдина Диана  — ІІ орынмен,

Жамбыл облысы Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Тілеуқабыл Динара —  ІІІ орынмен,

Қызылорда қаласы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің 9-сынып оқушысы Бахытбек Айсу  — ІІІ орынмен,  

БҚО әкімдігі білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ  Омарғалиева Бекзада —  ІІІ орынмен,

 ШҚО Абай атындағы  мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушысы Бердібекқызы Ақбала — ІІІ орынмен марапатталды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫНАН БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

9.09.2021 күні Абай атындағы РММИ ұйымдастырумен «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты республикалық оқушылар айтысы өтті. Айтыстың негізгі мақсаты – Абай мұрасын насихаттау арқылы оқушыларды Абайша ойлап, Абайша пайымдауға үйрету, оларды ділін, тілін, мәдениетін құрметтеуге шақыра отырып, ұлт мұрасының рөлін көтеру.

Айтыстың негізгі міндеттері – хакім Абайдың өнегелі мұрасын жас ақындардың жырына арқау ету; Елбасының Мәңгілік ел идеясын оқушылар арасында насихаттау; мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үндеу; сөз тазалығын, сахна мәдениетін, айтыстың негізгі табиғаты – суырыпсалмалық қабілетін таныту.

Ләйлә Барахатқызының  жетекшілігімен мектебіміздің 11-сынып оқушысы Піржан Сандыбай жүлделі  I орынды иеленді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

2021-2022 оқу жылы 2 қыркүйек күні тілдер мерекесі күніне орай  «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау оқушылар бойындағы елжандылық, ана тілге деген құрмет сезімдерін арттырып, өз Отанының патриот азаматын қалыптастыру мақсатын көздеді.  

Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет қалалық байқауда II орын иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.  Облыстық байқаудан  II орын иеленді.

Нұрдаулетті сайысқа дайындаған жетекшісі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алиева Ләйля. Жүлделі марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

МЕКТЕБІМІЗДІҢ ЖАС ЖУРНАЛИСТТЕРІ

Абай желілік мектептері арасындағы «Жас журналист» республикалық бейнесюжет байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:  оқу ордасын таныстыру, насихаттау, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептердің рөлін айшықтау. 

Бұл сайысқа мектебіміздің талантты оқушылары қатысты. Жас журналистер: 10 «А» сынып оқушысы-Тұрсынова Аружан, 9 «J» сынып оқушысы- Садық Мансұр, 9 «J» сынып оқушысы-Тобашов Дінмұхамед.

Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жүсіпбек Назеркенің жетекшілігімен ресрубликалық сайыста жүлделі I орынды иеленді. Құттықтаймыз!

Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІН ЖАТҚА ОҚЫДЫ

Абай атындағы РММИ ұйымдастыруымен Абай желілік мектептерінің оқушылары арасында Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған  республикалық мәнерлеп оқу сайысы өтті.  

Сайыс Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жерін, жұртын сүюге, Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеуді мақсат етті.

 5- сыныптар арасында өткен «Асыл сөздің шебері» атты мәнерлеп оқу сайысында мектебіміздің 5 «В» сынып оқушысы Нұғман Найля  Ы. Алтынсарин әңгімелерінің  9- ын жаттап жүлделі 3- орынды жеңіп алды.

Жетекшісі: Сулейменова Жамила Абдимажитқызы.

«Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында эссе байқауы

       Тамыз айында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында қалалық эссе байқауы өтті. Байқауда мектебіміздің 7,8,9-сынып оқушылары бақ сынады. Оқушылар Отанымызға деген патриоттық сезімдерін қағаз бетіне сөзбен өрнектеді. Нәтижесінде Игизбаева Ләззат Жеңісқызының жетекшілігімен  8-сынып оқушысы Сұлтан Нұрайым I орын ипленіп, облыстық байқауға жолдама алды.  Сулейменова Жамилә Әбдімажитқызының жетекшілігімен  9-сынып оқушысы Аманбек Аружан II орын,  Жүсіпбек Назерке Маратқызының жетекшілігімен  7-сынып окушысы Нурлыбекқызы Айша III орын иеленді.

      Облыстық эссе байқауында Игизбаева Ләззат Жеңісқызының жетекшілігімен  8-сынып оқушысы Сұлтан Нұрайым II орын иеленді. Жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаймыз!

Мерейдің мерейлі жеңісі!

        23-25 тамыз күндері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ХХІ Республикалық Абай оқулары байқауы өтті.  Абай оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

    Республикалық «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңінде 9-сынып оқушысы Оңдалы Мерей   «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу. номинациясы бойынша қатысты. Қалалық кезеңде  1-ші орынды қанжығасына байлап, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.  Облыстық кезеңінде 2-ші орынды иеленді.

Шәдібекова Айгүл Есіркепқызының жетекшілігімен Мерей биік белестерден көріне білді. Құттықтаймыз!

» Көңілім әнді ұғады» атты Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланды.

Қалалық ән байқауына мектебіміздің 7-сынып оқушысы Шағанбай Әсел қатысып, II орын иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

Облыстық ән айту байқауында 7-сынып оқушысы Шағанбай Әсел III орын иеленді. Жетекшісі: Кусайынова Жұлдыз

Жас суретші

«Мен тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында  Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында облыстық жас суретшілер байқауы өтті.

Жас суретшілер байқауына мектебіміздің  6-сынып оқушысы Құдайберген Аружан қатысып,  III орын иеленді.

Жетекшісі: Сатыбалдиева Бакыткуль

Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам

2021 жылдың қыркүйек айында  «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты қалалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Айтмаханов Тахатар III орын иеленді.

Жетекшісі: Сатыбалдиева Бакыткуль

Мәнерлеп оқудан III орын алды!

Абай желілік мектептері арасындағы «Тіл мерейі – ел мерейі» республикалық мәнерлеп оқу  байқауы өтті.

Мақсаты: оқушыларға ана тілінің қадір қасиетін ұғындыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

  Қызылорда қаласы. Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің 9-сынып оқушысы Бахытбек Айсу III орын иеленді.

Жетекшісі: Алтынай Қосжанқызы

Республикалық эссе байқауынан I орын

Қызылорда қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған сыныптары бар мектебінің ұйымдастыруымен 24.09.2021ж республикалық  Абай желілік мектептері арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – көсемсөз шебері» тақырыбында  эссе байқауы өткізілді. Байқауға  республикалық Абай желілік мектептерінің 10-сынып оқушылары қатысты. Сайыстың қорытындысы төмендегідей:

Сайыс қорытындысы бойынша:

Мектебіміздің 10 «М» сынып оқушысы Қойбағарова Жанерке – 48 ұпаймен  I орынды иеленді.

Жетекшісі: Шәдібекова Айгүл Есіркепқызы

Құттықтаймыз!

20.09.2021 күні өткізілген Абай желілік мектептері арасындағы «Алтын қақпа» интеллектуалды республикалық сайысы өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің  оқушылары Жұмадин Ұлдана, Аманжол Сұлтан, Абушахман Нұрай 11 ұпай жинап, I орынды иеленді. » Тіл білгір»  аталымымен марапатталды.

Жетекшісі: Игизбаева Лаззат Жеңісқызы.

«GOLDEN WORDS » Дебат клубы 1-орын иеленді

Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай  қалалық пікір сайыс турнирі өткізілді. Шараның мақсаты: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы әрі ағартушысы Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Турнир нәтижесі бойынша  мектебіміздегі    «GOLDEN WORDS » Дебат клубының мүшелері Манатова Аружан,  Нұрымбетова Айзере  1- орын иеленді.   Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік ойыншы номинациясын Манатова Аружан  иеленді.  Жетекшісі: Сайлауова Жамиля Қайратқызы

Президенттік олимпиаданың облыстық  кезеңі өтті.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

      1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

      2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

      3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Мектебімізден химия пәні бойынша  Сағатбекова Амина қатысып,  2-орын иеленді.

Жетекшісі: Шәкиев Бақытбек