Last Updated on 25.02.2021 by Nauriz91

Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.

Бүгін 5-7 сынып оқушылары арасында оқушыларға имандылық, адамгершілік, ізгілік секілді қасиеттерді бойына сіңіру, имандылыш туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру мақсатында офлайн және онлайн форматта “Имандылық ілімі — тәрбиенің тұнығы” атты сынып сағаты болып өтті.