Last Updated on 21.02.2021 by Nauriz91

2021 жылдың 3 ақпан күні мектебімізде музыка пәні мұғалімі Манбитбаева Камшат Мұстафақызы мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Уббиниязова Гүлжайна Жиенбаевна ұйымдастыруымен мектепшілік оқушылар арасында карантин режимін сақтай отырып, балалар музыка шығармашылық «Караоке» фестиваль байқауы және спорттық флешмобтар болды. Байқауға бастауыш сынып және 5-6 сынып оқушылары қатысып, өздерінің әншілік, би өнері жағынан өнерлерін көрсетті. Байқау нәтидесі бойынша барлық қатысушы жүлделі орындармен марапатталды.

Байқаудың мақсаты:

— Дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету;

— Патриоттық, азаматтық мәдени – эстетикалық тәрбие беру;

— Оқушыларды музыка тыңдауға, тыңдай отырып музыкалық қабілетін шыңдауға баулу.

Бұл іс-шарада спорттың денсаулыққа маңызды екенін түсінді және де бір-біріне көмектесіп достық қарыс-қатынастар одан әрі нығая түсті.