Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 24 қазан күні   2023-2024 оқу жылына конкурстық негіздегі мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос жұмыс орны қызметіне жарияланған конкурсына 3 (үш) кандидат құжаттарын тапсырды.

       Конкурстық комиссия кандидаттардың құжаттарының Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізді. Кандидаттар құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 154 — тармағына сәйкес қарады. Конкурстық комиссия кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырды.

       Конкурс нәтижесі бойынша бағалау парағына сәйкес директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос жұмыс орнына ең көп 23 балл жинаған кандидат Жаулыбаева Рабиға Ерсайымқызы өтті деп есептеліп, білім беру ұйымының басшысына тағайындауға ұсынды.