Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді айтулы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сара жолдағы тың ізденіске толы ұстаздық қызметтеріңіз бен шәкірт тәрбиелеудегі жасампаздық істеріңіз — мамандықтарыңыздың жемісі.

Мұғалім мамандығы — біздің қоғамдағы ең ізгі және қажырлы еңбектің көрінісі. Ол — әрбір жас өркеннің тұлға болып дамуына әсер етіп, қалыптасуында үлкен рөл атқаратын ұлы тәрбиеші, оң жол сілтейтін нағыз жанашыр. Қоғам үшін балаларымыздың ынтамен оқып, тек сапалы білім алып қана қоймай, айналамен қарым-қатынас орнатуды, табиғатты бағалауды және сүюді, біз өмір сүріп жатқан әлемді құрметтеуді үйреніп, рухани құндылықтарды бағалай білуі маңызды.Ұстаздардың сарқылмайтын қуаты мен мейірбанды жылуы шәкірттерінің көңіл-күйін көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар жаңашылдық пен жетістікке жетелейді.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұлағат жолындағы ұлы жолда мықты денсаулық, білім саласында жаңа жетістіктер, көркем идеялар, өркендеу және үлкен бақыт тілеймін!

Мектеп директоры Садвакасова Ж.М.