Мектеп парламенті

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздерді сайлауға белсене қатысуға ШАҚЫРАМЫЗ!!!

Оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігін арттыру мақсатында Мектеп президентіне және мектеп парламентіне үміткерлер:


						

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Абай атындағы  үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде Мектеп Парламентінің Президент сайлауы болып өтті. 

Сайлау ережесіне сәйкес кандидаттыққа ұсынылған 9 үміткер өз бағдарламаларын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген болатын. 

     ✅Сайлауға қатысқан үміткерлер:

🔰Беркінбаев Ғазиз

🔰Шазында Ерке

🔰Сақып Ағыбай

🔰Сейтжаппар Темірлан

🔰Сейдалы Аружан

🔰Нұрлан Нұрдаулет

🔰Тұрсынова Аружан

🔰Жаңабергенұлы Нұрислам

🔰Дузенов Нурдаулет

     ✅Сайлау қорытындысы бойынша үміткерлер арасынан басым дауыс жинаған – 11 «М»сыныбының оқушысы Шазында Ерке 2️⃣0️⃣3️⃣ дауыспен жеңіске жетті. Шазында Еркені  жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта мектеп оқушыларының сенімін ақтап, мектептің оқу-тәрбие процесінің жандануы жолында аянбай жұмыс жасайды деп сенім білдіреміз.

Өзін-өзі басқару ұйымы!

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде  «Өзін-өзі басқару» ұйымының 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы жиналысы өткізілді.

     ✅Жоспар бойынша өткізген шараларға, әр министр өз мақсаттарымен айтып, оған жету жолындағы жоспарларымен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Мектеп президенті ұсыныстарын қолдап, бірігіп жұмыс жасауға ұсыныстарда мақұлдады.

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

«Мектеп Парламенті» жобасы білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде «Мектеп Парламентінің» кезекті отырысы болып өтті. 

     Мектеп Парламентінің кезекті отырысында Мектеп Президенті сөз алып, кеңес мүшелерін сайлап, міндеттерімен таныстырып, өзін-өзі басқарудың жүйесі мен жұмыс барысын жан-жақты талқылап, өзара ой бөлісті. 

     🧑🏻‍⚖️Құқық және тәртіп фракциясы көшбасшылары: Надирхан Дамир, Сәрсенбай Айзере,Сейтжаппар Темірлан

     👨🏻‍💻Ақпарат фракциясының (мектептің баспасөз қызметі) көшбасшылары: Пірәлі Бақдаулет, Сейдалы Аржан, Беркінбаев Ғазиз

     🏋🏻Спорт салауатты өмір салты фракциясының көшбасшылары: Мақсұтова Аружан, Жаңабергенүлы Нұрислам 

     😄Өзін-өзі және бақыт фракциясының (психология) көшбасшылары: Бағдатқызы Гүлім, Сақып Ағыбай

     🫶🏻Қамқорлық фракциясының (еріктілік) көшбасшылары: Қайбалдиева Арайлым, Бектасқызы Сая

     🎤Мәдениет және өнер фракциясының ( музыкалық,көркем шығармашылық) көшбасшылары: Кеңшілік Асылжан, Тұрсынова Аружан

     👩🏻‍💼Дебат қозғалысы фракциясының көшбасшылары: Әбдікәрім Гүлнұр, Жетес Асылжан

     🍀Экология және еңбек фракциясының көшбасшылары:  Райымхан Ерасыл, Дузенов Нурдаулет, Бекжанов Ерсайын болып сайланды.

     ⚜️Мектебіміздегі Мектеп Парламенті жобасы оқушылардың қоғамдық маңызы бар бастамаларды ұйымдастырып, өз жұмыстарын нәтижелі түрде жүзеге асырады деп сенім білдіреміз! Жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Кезекті жиналыс

      Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің парламент мүшелері мен мектеп президенті 7 сыныптарының сынып төрайымдарымен кезекті жиналысын өткізді.