





Мектеп оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сайлау күніне дейін оқушылар өз бағдарламаларын іліп, оқушылар арасында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Өзін – өзі басқару ұйымының президентіне үміткер ретінде 8 оқушы тіркелді.









Ендігі кезекте Мектеп Президентімен бірігіп мектеп парламентінің мүшелері белгіленетін болады.