Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Биыл білім мен тәрбиенің ошағына айналған «Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебіне 100 жыл.«Мұрагер» мектебі 100 жылда 6 рет атауын өзгертті.

Бір ғасырлық тарихы бар мектеп алғаш 1919 жылы Ленин атындағы №2 бастауыш мектеп болып ашылып, мектеп 1938 жылға дейін Қызылорда қаласы, бұрынғы Карл Маркс көшесінің бойында екі кішкене қабатты үйде орналасты.

1938 жылы ерлер мектебі болып қайта ашылған мектепке 1939 жылыескіше ғимарат пайдалануға беріліп, сол жылы мектеп қабырғасынан 18 оқушы түлеп ұшып, жаңа өмірге қадам басты.

          Іргелі оқу орны өзінің ғасырлық тарихында сапалы білім мен саналы  тәрбие беру жолында үлкен тәжірибе жинақтап,қала мектептері арасында алдыңғы сапта келе жатқан  мектептердің бірі.

Біздің мектептің қалыптасуы мен дамуында оны бүкіл өмір бойы жүйелі түрде басқарған директорлар үлкен рөл атқарды. Олардың жұмысының арқасында мектеп әрқашан қаладағы маңызды оқу орны болды.

1919-1940 жылдардағы алғашқы директоры — Теплова Дария Михайловна.

Ол өзінің күш-қуатына, жігеріне, шығармашылық идеяларына толы мұғалімнен құралған ұжымды құра алды және мектепті алғашқы бітірді.

Әрі қарай, мектеп басшылары 1940-1945 жж. Филиповский Николай, 1945-1950 жж — Александр Иванович Лещенко, 1950-1953 жж — Губайдуллин, 1953-1964 жж — Юрьев Евгений, 1964-1973 жж — Ким Семен Константинович, 1973-1982 жж — Шупенко Анатолий Клавдиевич, 1983-2004 жж Уполходжаева Зоя Сергазиевна, 2004-2018 жж — Баймағанбетова Зәуре Зейнуллақызы, 2018-2020 жж – Баймурзаева Динара Қонақбайқызы, 2020 жылдан бері Садвакасова Жаннат Мылтықбақызы басқарып келеді.

Мектептің ардагер ұстаздары Нефедова М.Е., Оралова М.Г., Архишина Нина Сергеевна, Урбан-Ахунова Зухра Турдяхуновна, Плюшко Галина Ульяновна, Калина Любовь Борисовна, Дегай Лариса Трофимовна, Архипова Татьяна Михайловна, Данилова В Лоттеревна, Александр Лоттерова, Данилова В Лоттерова, Филатова Галина Васильевна, Эгай Людмила Александровна, Жарасбаева Айман Абдрахмановна, Абсаматова Роза Хамитовна, Ульяновская Елена Михайловна, Огай Роза Петровна, Нурбаева Гаухар Дсмаиловна, Косыгина, Татьяна Абдрахмановна Борисовна Гульнар Аздар.

1970 жылдан бастап ҚазССРдің Білім министрлігінің бұйрығымен экспериментальды ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға арналған мектеп статусын алды.

Ағылшын тілін 2 кластан бастап оқытуға мектеп мұғалімдері педагогикалық институт мұғалімдерімен байланыса отырып, өздерінің әдістемелерін даярлады.

Сондай-ақ,1995 жылдан  бастап «ХаррикейнҚұмкөлМұнай» компаниясының демеушілігімен мектепте қала жастарына ағылшын тілін кезең-кезеңімен үйрету мақсатында  «Бейбітшілік Корпусының» еріктілер құрамы жұмыс істеді.Мұғалімдеріміз Америкаға барып білімдерін шыңдады. Халықаралық FLEX-ACCELS стипендиалды бағдарламасы аясында 1995 жылдан бастап 101 оқушы АҚШ елінде 1 жылдық білім алды.

          2002-2003 оқу жылында бұл мектеп ұжымы үлкен қуанышқа бөлінді.Мектеп қайта жаңартудан өтіп, әлемдік стандарт талабына сай сынып бөлмелері,спорт зал мен асхана іске қосылып,жаңарып, жасарған білім ұясы 1 қыркүйек күні шәкірттеріне есігін айқара ашты.

Осы жылдардан бері жаңа өмірге қанат қаққан мектеп түлектері алыс-жақын шет елдерде,республикамыздың  жоғары оқу орындарына түсіп,қазіргі таңда еліміздің өсіп-өркендеу жолында қызмет етіп келеді.

2004-2018 жылдар аралығында мектепті Баймағанбетова Зәуре Зейнуллақызы басқарды. Білім ордасын басқарған уақытта ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі болып өзгертілді. Мектеп жұмысының негізгі мақсаты: бірнеше пәндерді тереңдетіп оқыту және өзіндік ғылыми ойлауды игерту арқылы дарынды балаларға білім беру болса, негізгі стратегиялық бағыты: ағылшын  тілін және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқыту, үштілді білім алу саясатын жүзеге асыру болды.

2009 жылы ҰБТ нәтижесімен ҚР «Ең үздік 100 мектеп» қатарына енді. 2012-2018 жылдар аралығында  «ХХІ ғасырға лайық Ең үздік инновациялық мектеп», «Білім алтын қазынасы», «Үздік білім ордасы», «Білім бәйтерегі» номинацияларының жеңімпазы атанып, 2017 жылдың жыл қорытындысы бойынша «Рухани мұра мектебі» номинациясын,17 000 000 тг иеленді, мектепке спонсорлық көмекпен география кабинеті жабдықталды.

«Мұрагер» мектебінің ұжымы, ұстаздар қауымы мектепті республика көлемінде таныту үшін шығармашылықпен айналысып, халықаралық, республикалық кәсіби байқаулардың, олимпиада, ғылыми сайыстардың жеңімпазы атанып, «Мұрагер» мектебін республика көлемінде таныттып келеді.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап мектебіміз «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» болып өзертілді.