Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің білім алушылар арасында нашақорлық профилактикасын жандандыру мақсатында 8-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
🔰Оқушыларға есірткі тұтыну, темекі шегу, (вейп) және алкоголизм, лудомания профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, алкогольге, есірткіге тәуелділіктің пайда болуының алдын алуға және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық шаралар жөнінде айтылды. Білім алушылар мен олардың ата-аналарына есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етіліп, ескертілді.