Мектеп оқушыларымыздың археологиялық танымын арттыру, туған өлкенің тарихын терең зерттеуге баулу мақсатында «АТА ҚОНЫС — АЛТЫН МЕКЕН» тақырыбында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
🏛Мұражай экскурсоводы Шаған Ұлпан ханым оқушыларды Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі түрлі дәуірлердің археологиялық ескерткіш кешендері мен архитектуралық ескерткіштерімен таныстырды.
Экпозицияның мерзімдік шеңберінің бөлінген 4 дәуірімен таныстырып, көрсетті. Орта ғасырлармен мерзімделетін археологиялық ескерткіш кешендері Жанкент, Сығанақ,Жент,Асанас,Күйік кескен,Кердері т.б. сонымен бірге Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан архитектуралық кешендері: Сырлытам,Бегім ана,Ақтас мешіті медресесі т.б. көрсетіліп, таныстырылды.
⚜️Сонымен қатар археологиялық ескерткіш кешендерден табылған шаруашылыққа пайдаланылған өте құнды экспорнаттар (керамикалық ыдыстар, әшекей бұйымдар) көрсетілді. Оқушылар онлайн форматта өткізілген музей сағатынан өте жақсы әсер алды.