Оқушыларға

«ИНАБАТ» қыздар ұйымының жиналысы 👱🏻‍♀️⚜️

      2022 жылдың 3 қазан күні «Инабат» қыздар ұйымының жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары таныстырылды. Алдағы уақытта жүргізілетін  жұмыстар барысын талқылай отырып, қыздар қауымы өз ойларымен бөлісті. 

«Жолда жүру ережесін білеміз бе балақай?» ❗️👮🏻‍♂️

     Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларына «Абайлаңыз балақай!» ⚠️акциясы барысында, «Жолда жүру ережесін білемізбе балақай?» тақырыбында Ювиналдық полиция инспекторы Петров Афанасий Игоревичь жолдағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

🛑Шараның басты мақсаты – жолда жүру ережесін есте сақтау, балаларды жол белгілерімен таныстыру, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екендігін түсіндіру болып табылады.