Оқуға қабылдау

«Бастауыш, негізгі орта жәнежалпы орта білімніңжалпыбілімберетіноқубағдарламаларыніскеасыратынбілім беру ұйымдарынаоқуғақабылдаудыңүлгілікқағидаларынбекітутуралы» ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі.

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

1) баланың ата-анасының немесе өзгеде заңды өкілдерінің өтініші (еркін түрде);

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы №469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2423 болып тіркелген) бекітілген №026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқырушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген №063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

5) 3×4 көлеміндегі фото – екі дана;

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы ьармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы толығырақ
Жалпы ережелер толығырақ
Арыз түрлері толығырақ