«Оқуға құштар мектеп» жобасы

 «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП»  ЖОБАСЫНЫҢ  ЖӘНЕ    КІТАПХАНА  ЖҰМЫСЫНЫҢ  2022– 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ

                                                                                                     Мазмұны

  • 2022-2023 оқу жылында жоспар жасау үшін басшылыққа алынатын нормативтік   құжаттар
  • Білім беру ұйымдары кітапхана  қызметкерлерінің мақсаты мен міндеттері
  • Білім беру ұйымдары кітапханашыларының  функционалдық міндеті
  •  Кітапханада   жүргізілетін жұмыс түрлері
  • Кітапхана жұмысы  қызметінің негізгі бағыттары
  • 2022 —  2023  оқу жылының басымдықтары мен жаңа оқу жылындағы толықтырулар
  • Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективті дамытудың «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудағы  2020 -2025 жылдарға арналған кешенді жоспары
  • «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру
  • 2022 -2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
  • Оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұсынылатын қазақ тіліндегі бейнефильмдер
  • Кітапханада  ұйымдастырылатын көпшілік жұмыстардың жаңа формасы

                                    Басшылыққа алынған  нормативтік құжаттар

  • «Мектеп кітапханасының типтік ережесі» 2000 жыл,17 тамыз №827 бұйрығы
  • «ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мектеп кітапханасын пайдаланудың үлгі қағидалары»                                         2001 3 шілде №522 бұйрығы
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген  «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары»
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері»

                                           Кітапхана   қызметінің  мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін оқырмандардың  қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру.  Педагогтар мен оқушылардың  ақпараттық қажеттіліктерін  жедел орындау үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады

Міндеті:

  • Жоспардағы атаулы күндерге сәйкес көпшілік жұмыстар жүргізу
  • Оқу-тәрбие жұмыстарына ықпал ету
  • Пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болу
  • Сабақтан тыс уақытта оқырмандардың  кітап оқуын,түрлі тәрбие сағаттарын,оқырмандар конференциялары мен дөңгелек үстелдерін ұйымдастыру
  • Мектеп кітапханасының қорын жаңа әдеби шығармалармен толықтыру

                              Білім беру ұйымдары  кiтапханашыларының атқаратын функционалдық

МІНДЕТІ

       Лауазымдық мiндеттерi: Кiтапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кiтапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерiн ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кiтапхана үрдiсiн қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Автоматтандырылған деректер базасын жүргiзу мен пайдалануды, қорлардың есебiн, ұйымдастыру мен сақталуын оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетудi жүзеге асырады.

      Кiтапхананың ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстарына, кiтапхананың даму бағдарламасын, халыққа кiтапханалық қызмет көрсету жоспарын әзiрлеу мен iске асыруға қатысады. Ғылыми әдiстердi және кiтапханалық қызметтiң озық тәжiрибесiн қолданады.

      Кiтапхананың материалдық, қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етедi. Перспективалық және ағымдағы жоспарды қалыптастырады. Басқа кiтапханалармен, ғылыми-техникалық ақпараттық органдармен, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатады және қолдап отырады. Есепке алуды және белгiленген есеп берудi ұйымдастырады. Кiтапхананың ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстарына, кiтапхананың даму бағдарламасын, халыққа кiтапханалық қызмет көрсету жоспарын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады. Кiтапхана қызметiнде ғылыми әдiстер мен озық тәжiрибенi қолданады.

       Бiлуге мiндеттi: Қазақстан Республикасының Конституциясын , » Бiлiм туралы «, » Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы «, » Қазақстан Республикасындағы тiл туралы «, » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » Қазақстан Республикасының Заңдарын және бiлiм беру ұйымдарының қызметi мәселелерi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi; жоғары тұрған органдардың кiтапхана жұмысы туралы жетекшi құжаттарын; кiтапхана жұмысының негiзiн; библиографияны, негiзi кiтапханалық-технологиялық үрдiстердi, оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлерiн, әдiстерiн; педагогика, психология, экономика негiздерiн; еңбек туралы заңнамаларды, еңбек және техника қауiпсiздiгi ережелерiн, өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерiн білу міндетті

            2022- 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ  БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ТОЛЫҚТЫРУЛАР

р/с          2022-2023 оқу жылындағы басымдықтар                 2022 -2023оқу жылындағы толықтырулар
1  Көркем әдебиет қорын толықтыру және жұмыс жасау   Әдеби кітаптардың түгелдігін тексеріп отыруӘдеби кітаптардың ұқыптылығын қадағалау  Көркем әдебиет қорын толықтыру және жұмыс жасау Әдеби кітаптардың түгелдігін тексеріп отыру .Әдеби кітаптардың ұқыптылығын қадағалаужыртылған кітаптарды желімдеп, түптеуКөркем әдеби кітаптарды инвентарлық кітап бойынша түгендеу (переинвентаризация)Облыстық білім беру басқармасына сұраныс арқылы көркем әдебиеттер қорын толықтыруКітапхана қорындағы кітаптарды электронды каталогқа енгізу («Қазына» онлайн кітапхана) Мектеп кітапханаларын компьютерлендіру, интернет желісіне қосу  (компьютерлер паркін, Wi-Fi, планшеттер), цифрландыру және автоматтандыру
2Кітапханада кітап көрмелерін, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру Тақырып бойынша түрлі кітаптар көрмесін ұйымдастырып,оқырманға ұсынуМектепішілік іс-шаралар өткізуге атсалысу  Кітапханада  кітап көрмелерін, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру Тақырып бойынша түрлі кітаптар көрмесін ұйымдастырып,оқырманға ұсыну мектепішілік іс-шаралар өткізуге атсалысу Әр кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырып отыруКітап көрмесіне библиографиялық шолу жасауТақырыптық іс-шаралар өткізу (кездесулер, байқаулар,семинарлар, эсселер жаздыру)
3Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында мектеп  оқушыларына кеңес беріп отыру интернет желісіне қосылған компьютерлерде ізденіс жасауға көмек көрсетуоқырманға библиографиялық көмек көрсету      Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында мектеп   оқушыларына кеңес беріп отыру интернет желісіне қосылған компьютерлерде ізденіс жасауға көмек көрсетуоқырманға библиографиялық көмек көрсету кітапханаға электронды каталог құрып,жұмыс жасау апта сайын оқырмандарға бейнефильмдердің сайтын әзірлеп, көрсету (тәрбиеге, туған өлке, құндылық, тарихи фильмдер)
  1. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
  Р/С    ІС – ҚИМЫЛ АТАУЫ  ФОРМАСЫ  ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІ  ЖАУАПТЫЛАР
1«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына кітапханалар қызметін реттеу бөлігінде өзгерістер енгізуБҒМ бұйрығы негізінде таныстыра бағытында вебинар сабақтар топтамасын өткізуҚыркүйек , 2022 жылОблыстық білім басқармасы, білім беру ұйымдары кітапханашыларының қауымдастығы
2«Білім беру жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі құжаттарды бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 827 бұйрығына кітапханалардың қызметін реттейтін мемлекетаралық стандарттар мен қағидаларға сәйкес келтіру бөлігінде өзерістер енгізуБҒМ бұйрығы негізінде таныстыра бағытында вебинар сабақтар топтамасын өткізуҚыркүйек , 2022 жылОблыстық білім басқармасы, білім беру ұйымдары кітапханашыларының қауымдастығы  

2.КІТАПХАНА ҚОРЫН ДАМЫТУ

  Р/С    ІС – ҚИМЫЛ АТАУЫ  ФОРМАСЫ  ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІ  ЖАУАПТЫЛАР
1«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес  жыл сайын отандық, шетелдік көркем, ғылыми, ғылыми-публицистикалық, ғылми-фантастикалық, деректі, тарихи және т.б. әдебиет қорын жаңартуБҒМ бұйрығы негізінде қорды қалыптастыру, тізімдер дайындауСәуір-мамыр, 2023 жылОблыстық, қалалық білім басқармалары, білім беру ұйымдары кітапханалары

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ  КІТАПХАНАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  Р/С    Іс – қимыл атауы  Формасы  Орындалу мерзімі  Жауаптылар  
2Кітапханашылардың кәсіби дамыту жұмыстарын ұйымдастыру: семинарлар, вебинарлар, конференциялар, курстарМектепаралық2023 жыл бойынакітапханашы
5Педагогикалық кеңестердің, басқару органдары алқаларының отырыстарына кітапхана қызметіне қатысты мәселелерді шығару және талқылауКітапханашылар ұсынысы бойыншаЖарты жылда 1 ретБілім беру ұйымдарының кітапханашылары

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілетін жұмыс жоспары

/2022-2023 оқу жылы/

Мақсаты:   Кітап оқу мәдениетін насихаттау және кітап оқуды әдетке айналдыру;

Міндеттері:

  • Жоспардағы атаулы күндерге сәйкес көпшілік жұмыстар жүргізу;
  • Оқу – тәрбие жұмыстарына ықпал ету;
  • Пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілер  тығыз байланыста болу;
  • Сабақтан тыс уақытта оқырмандардың кітап оқуын, түрлі тәрбие сағаттарын, оқырмандар конференциялары мен дөңгелек үстелдерін ұйымдастыру;
ЖҰМЫС БАРЫСЫІС ШАРА АТАУЫФОРМАСЫОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІЖАУАПТЫЛАРЖҰМЫС ТҮРІ
Кітапханаға саяхат«Кел балалар оқылық !» (1 сынып оқушыларымен )БиблиоэкскурсияҚыркүйекӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.Ә.Балалар  әдебиетін насихаттау  
   «Бір ел – бір кітап» — (2022 акциясы аясында)А.Байтұрсынұлы (150 жылдығына орай)  «Әдебиет танытқыш»  Кітап көрмесіҚыркүйекӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.Ә.  Қазақ әдебиеті насихатталады
Оқуға ұсынылатын 100 кітап тізімі бойынша Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»  Кітап көрмесі      ҚазанӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.Ә.Балалар  әдебиетін насихаттау 
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында«Кітапты оқы -жетістікке қадам  бас»  20 минуттық кітап  оқу жобасы Кітап оқу жобасыҰдайыӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.Ә.Кітап оқуға дағдылану  насихатталады
Даталы күндер«Менің елім Қазақстан» (Республика күніне орай)  Кітап көрмесі      ҚазанӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.Ә.Кітап көрмесі насихатталады
Ойын -тренинг         «Балалар әдебиеті-ғажайып әлем»BookpictureҚарашаӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.ӘКітап оқуға баулудың жаңа әдіс тәсілдері
Даталы күндер«Тұғыры биік Тәуелсіздік»Кітап көрмесіЖелтоқсанӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.ӘКітап көрмесі  насихатталып, әлеуметтік желіде жарияланады
Оқуға ұсынылатын 100 кітап тізімі  Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»Оқырмандар конференциясыҚаңтарӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.ӘБалалар әдебиеті бөліміндегі шығармалар насихатталады
«Бір ел – бір кітап» — 2023 акциясы«Бір ел – бір кітап» — 2023 акциясына библиографиялық шолу жасауБиблиографиялық шолуҚаңтар  Өтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.Ә«Бір ел – бір кітап» — 2023 акциясына жарияланатын кітаптар тізімімен таныстырылады
«Ұлы дала жауһарлары» сериясы бойынша түрлі деңгейде іс-шаралар өткізу  (балалардың эпостық жырларды оқуға құштарлығын арттыру)«Тұлпар мініп ту алған» (батырлар  жырын оқуға құштарлығын  ұйымдастыру)Батырлар жырын оқу эстафетасыҚаңтарКітапханашы Пән бірлестіктері  Батырлар жыры оқылып, бір-біріне челлендж жолданады
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында«Кітап -ақыл ойдың қазынасы»BOOKBINGOАқпанӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.ӘКітап оқуға баулудың  әдіс тәсілдері
Отбасылық кітап оқу«Отбасымызбен  кітап оқимыз»Оқылған кітаптары бойынша сұхбатАқпанӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.ӘОтбасымен оқылған кітаптарға видеоролик  түсіру
Ертегімен есейеміз«Ерте ерте,ертеде»Дауыстап оқуНаурызкітапханашылар Педагог-психологЕрекше білім беруді қажет ететін оқушылармен қазақ ертегілері  оқылады
 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында (2 сәуір  Халықаралық  балалар кітап күні)«Кітапты оқы – жетістікке қадам бас»«Кітап – тарих, шежіре!»Дөңгелек үстелСәуіркітапханашылар Сынып жетекшілеріКітап күніндегі шаралар насихатталып, әлеуметтік желіде іс-шаралар жарияланады 
 Менің кітапханам – менің рухани мекенім«Менің кітапханам – менің рухани мекенім»Эссе жазу байқауыСәуірКітапханашы Сынып жетекшілеріКітап күніндегі шаралар насихатталып, әлеуметтік желіде іс-шаралар жарияланады 
 Кітапхана және жастар«Кітап, интернет және жастар»ДебатСәуір Өтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.ӘКітап күніндегі шаралар насихатталып, әлеуметтік желіде жарияланады 
 «100 кітапқа буктрейлер түсіру»«Менің таңдаған кітабым»Кітаптарға ақпараттық шолуҰдайыКітапханашылар Пән бірлестіктеріКітаптар насихатталып, әлеуметтік желіде жарияланады 
 «Бір ел – бір кітап» — (2023 акциясы аясында)Т.Әбдіков  шығармаларыREADx жобасыМамырӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.ӘІс-шаралар насихатталып, әлеуметтік желіде жарияланады 
 Жеңіс күніне орай«Ешкім де ,ештеңеде ұмытылмайды»Кітап көрмесіМамырӨтегенова Ұ.С. Үмбетбаева Л.ӘКөрмеге библиографиялық шолу жасалады 

                                        COWORKING орталығында пән бірлестігімен өткізілетін іс-шаралар

Бірлестік атауыІс-шара атытүріұақытыжауапты 
1Бастауыш сынып бірлестігі  «Ертегілер елінде»Балалар әдебиетіне шолуҚырқүйекБірлестік жетекшісі кітапханашыларәлеуметтік желілерде жарияланады
2Химия биология география пән бірлестігі«Табиғатты аяла»  Сынып сағатыҚырқүйекбірлестік жетекшісі кітапханашыларәлеуметтік желілерде жарияланады
2Қазақ тілі пән бірлестігі«Менің сүйікті кітабым»Кітап көрмеҚаңтарбірлестік жетекшісі кітапханашыларәлеуметтік желілерде жарияланады
3Орыс тілі мен әдебиет бірлестігіОрыс балалар жазушысы С.Михалков (110 жылдық мерейтойына)Кітап көрмеНаурызбірлестік жетекшісі кітапханашыларәлеуметтік желілерде жарияланады

         КІТАПХАНАДА  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫ

КІРІСПЕ

«Мәдениет  ұлттың  бет — бейнесі, рухани болмысы, ал, кітап — ұлттың жаны, ақыл — ойы, парасаты. Кітап — рухани құндылық. Адамға ауа қандай қымбат болса, рухани нәр беретін кітап та одан бір бір мысқал кем емес. Сондықтан да кітапханашылар жүргізген басты жұмыстары — кітапты насихаттау. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы — кітапхана. Біздің ортақ міндет — әрбір оқырманның керекті рухани азығын тауып, қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасау. Сонымен оқырмандардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында және кітапхананы жарнамалауға, арнаулы атаулы күндерді атап өту бағытында ақын, жазушылардың мерей тойларына арналған тақырыптық, мәдени көпшілік жұмыстар жоспарлы түрде өткізіліп тұрады. Сіздерге көпшілік жұмыстардың бірнеше түрлерін ұсынамыз.

Ақпарат күні — белгілі бір уақытта (ай, тоқсан және т.б) кітапханаға кезекті түсім бойынша немесе өзекті мәселелер бойынша пайдаланушылардың хабарлауын қамтамасыз ететін кешенді іс — шара. Тақырыптық бөліктерде орналасқан әдебиетті ашық қарап шығу, шолулар, консултациялар және кітапхана қызметкерлерінің ұсыным сұхбаттары. Жақсы ақпараттық қосымша ретінде болу мүмкін: қорға жаңа түсімдердің бюллетені, кейбір басылымдарға бет белгі, әдебиет тізімдері. Ақпарат күнінде кітапханашы (библиограф) күзетте болады. Ұйымдастыру принциптері: жүйелілік, жаңа әдебиет түсімдерімен кең танысуға ұмтылу, ұғымның толықтығы. Іс-шараның өткізу ұзақтығы бір күннен үш күнге дейін. Ақпарат күні туралы кітапханашы оқырмандарды ертеден хабарландырады.

Ақпарат сағаты — көпшілік шараның түрі.

Мақсаты: жаңа түсімге немесе белгілі бір тақырып бойынша қысқаша ақпарат беру.

Библиография күні — әдебиет іздеудің библиографиялық деректемелер бойынша ұсыным құралдардың және анықтама-библиографиялық аппараттың негізінде пайдаланушылардың хабарлауын қамтамасыз ететін кешенді іс-шара.  Көріп шығу-көрмесі, шолу, консультация қосылады.

BOOKCROSSING — кітапхана алаңының әр жерлеріне кітаптары бар сөре, үстелдер қойылады. Қонақтарға ұнатқан кітабын алуға рұқсат беріледі, тек ол оқып болғаннан кейін кітапты буккросинг белгісі бар кез-келген жерге (кафе, дүкен, кітапхана алдындағы сөре, аялдама, ағаш түбі) қайтаруы қажет. Оқырманға оқыған кітабы туралы ойын кітапхананың электронды поштасына жіберуге болатыны ескертіледі, кітаптың бетінде буккросинг ұйымдастырылған жерлердің мекен-жайлары мен кітапхананың эл.поштасының мекен-жайы көрсетілуі тиіс.

Әдеби кеш — әртүрлі тәсілдерді, ойын, театрализация, импровизация элементтерді қолдану арқылы әдеби шығармаларға негізделген кешенді іс — шара. Кештің негізінде әдеби сценарий болады. Оны қай тақырыпқа немесе айрықша мәнді тарихи күнге арнауға болады. Іс — шараның арқауына әдеби — музыкалық композиция, жазушының, тарихшының, өнер зереттеушінің, актердің шығуы тура келуі мүмкін. Әрбір жаңа үзінді немесе дәйексөз басқа дауыстап оқушымен айтылғаны жақсы болар еді. Дауыстардың тембр айырмашылығы мәнін түсіну үшін қосымша онда әсер туғызады. Кештер үшін жайлы жағдай, сенімді достық қарым-қатынас, қатынастың формалды емес сипатын талап көрсету сипаты.

Дөңгелек үстел — пікір-талас немесе пікір алмасу өткізуге қолайлы формат. Оның мақсаты – талқыланатын мәселелер туралы қатысушыларға өз пікірлерін көрсету, жалпы пікірді тұжырымдау. Дөңгелек үстелдер – бұл кітапханалық шараларды өткізудің ең танымал форматтарының бірі, кітапханаларды дамытудың жаңа бағыттары.

Жазушы бейнефисі – жазушыға  құрмет көрсетуге арналған кітапханалық кеш. Басты шарт – кейіпкер туралы міндетті түрде мәліметтер жинақтау. Кездесу барысында әдебиетші оқырмандармен сұхбат жүргізеді. Әдеби шығармалардың үзінділері естіледі, жаңа басылымдар алғашқы таныстырылады, тақырып бойынша сахналар мен векториналар орынды.

Кітап талқылау — еркін пікірсайыс түрінде оқырман тобы мен кітапханашы, автор, сыншы және т.б көркем және сала әдебиетінің шығармаларын ұжымдық саралау мен бағалау жұмысы. Оқырмандар өз еркімен әртүрлі белсенділік пен ынтамен талқылауға қатысады. Кітап таңдауы маңызды болып саналады. Оқырмандардың: жас ерекшілігін, қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, дайындық деңгейін жақсы білуі керек.

Оқырмандар конференциясы — конференция (лат)-белгілі мәселелерді немесе жазушының шығармасын  талқылайтын отырыс. Біліктілікті арттыру формасы, мақсаты:  кітапханалық іс-тәжірибелерді терең зерттеу, теориялық меңгеру және тәжірибелер ұсыныс жасау. Кәсіптік шеберлікті шыңдауға және іс-тәжірибелерді таратуға ғылыми-тәжірибелік  конференциялардың маңызы зор.

Оқылатын кітаптар бойынша сұхбат — оқырманмен кітапты қайтару кезінде әңгімелесу. Кітапханашы сұрақтарды ертеден ойластырады. Бірінші сұрақ, кітапқа өз қарауын білдіртуге немесе ең  ұнатып қалған орындарын еске түсіруге балаға түрткі болуы керек. Жастары кіші оқырмандармен әңгіме құруға осындай сұрақтар көмектеседі, мысалы: «Кітапта саған не ұнады?», «Қай кезде сен ерекше уайымдадың және толқыдың?». Үлкен балалармен әңгімесінде оқырманды кетіретін, әңгімені ары қарай жалғастыру келмейтінге апаратын жетекші сұрақтарға жоламау керек. Сұрақты кітаптың аты ойға салуы мүмкін: «Сеніңше кітап дұрыс аталған ?». Егер оқылатын кітаптың кейіпкерлерін салыстыруға болса, осындай сұрақтар да болуы мүмкін: «Кітаптың қай кейіпкері саған қатты ұнап қалды және не себепті?». Кейде әңгімені автордың өз кейіпкерлеріне қараудан бастауға болады. Егер кітапханашы оқырман өзі оқыған кітап туралы әңгіме қосылады деп сенімді болса, оқырманның пікірін күтпей, сонымен оқырманды сұхбатқа шақырып, өзі кітап туралы әсерімен бөліседі. Сұхбат үстінде кітапханашы оқырман кітаптан қандай пайдалы нәрселерді алды, оны қалай бағалайды, алған білімдерді тәжірибелік қызметте пайдаланды ма, неліктен оқырманды ұсынылған кітап қанағаттандырған жоқ және т.б.

TEDx – бірегей идеяларды таратуды («ideas worth spreading») мақсат тұтқан, әдеби кештер немесе оқырмандар  конференцияларын ұйымдастыру.

TEDx міндеті – идея тарату, идея аясында тегін білім беру, ойшылдар ойынан шабыт алу

READx – бұл оқырмандардың шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиып-тергендерін ортаға салады. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!».
Кітапханалық READx жобасының форматы, кітап оқуды насихаттайтын дәстүрлі және заманауи тәсілдерін бірігуі.
Жобаға оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары мен қызметкерлері қатыса алады. Әр спикердің оқыған әдебиеттері бойынша арнайы кітап көрме қойылады.

Дебат  –  қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу; жарыссөзайтыс

 Өлең оқу челленджі – сөзі ағылшын тілінен аударғанда шақыру деген мағына береді. Әлеуметтік желідегі челлендждер әлемнің кез келген түкпіріндегі қолданушыны жаһандық қозғалысқа араласуға үндейді

Шексіз кітапхана –  ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға кітап оқуды ұсыну және  мүмкіндік жасау

BOOK TRAILER — бұл қандайда көркем шығарма жайында айтылатын шағын бейнетүсірілім. Бұндай түсірілімдердің мақсаты — трейлерлердің сипаты кинофильмдерге жақын, көзбен көру арқылы кітаптарды таныстыру,насихаттау.

Ақпарат Күні – Оқырмандарға ақпарат берудің белсенді формасы. Ақпараттық және библиографиялық жұмыс жүйесінің кешенді шарасы, кітапханаға түскен жаңа әдебиеттер туралы ақпарат береді, кітап көрмелері ұйымдастырылады, ақпараттық библиографиялық шолулар жасалады. Қатысушыларға кітаптар, мерзімді басылымдар, электронды басылымдар бойынша шолулар дайындалады. Ғаламтор ресурстар, виртуалды көрмелер және сәйкес тақырып бойынша сайтқа экскурсиялар ұсынылады. Ақпараттық ресурстар – Нақты ақпаратты алу үшін ұйымдастырылған мәліметтер жиынтығы. Облыстық кітапхананың ақпараттық ресурстары кітаптар, мерзімді басылымдар, электронды ресурстар ретінде оқшауланған және қашықтықтан қол жетімді болып ұсынылған. Ақпараттық сағат – Көпшілік шараның түрі.

 Мақсаты – жаңа түсімге немесе белгілі бір тақырып бойынша қысқаша ақпарат беру. Ақпараттық тізім – Кітапхана қорына жаңа түсім туралы хабарлау мақсатымен жарыққа шығады. Жаңа түсімдер туралы ақпарат барлық ғылым салалары бойынша, тақырыптық бағыттарда беріледі. Мысалы, ұйымдастырушылары өзектілігімен оқырмандар қызығушылығының артуына сай келесі тізімдер даярланды: «Халықты әлеуметтік қорғау», «Балалар құқығын қорғау», «Әлеуметтік серіктестік» және т.б. Ақпараттық-библиографиялық аппарат (АБА) – Облыстық кітапхананың оқырмандарына қажет ақпараттарды алуға көмек көрсететін дәстүрлі және электронды анықтамалық-библиографиялық басылымдар, кітапханалық каталогтар мен картотекалар жүйесі.

Әдеби – музыкалық қонақжай – «Визит» әдеби – музыкалық қонақжай»

Библиографиялық шолу – Құжаттар туралы ауызша әңгіме. Әртүрлі типтегі кітапханаларда әдебиетті ауызша насихаттау тұрпатында кең пайдаланылады. Айырмашылықтары: кітапханаға белгілі уақыт аралығында түскен жаңа түсімдер бойынша шолу, оқырмандарды жаңа кітаптар немесе журналдармен таныстырады, қандайда бір тақырыпқа, мәселеге арналған әдебиеттерге тақырыптық шолу

Вебинар – (ағылшынша webinar), сонымен қатар онлайн семинары (онлайн курстары) – тұсау кесер, лекциялар, семинар немесе курс, вебтехнологиялар көмегімен нақты уақыт режимінде ұйымдастырылған. Вебинар (онлайн семинары немесе онлайн курсы) кезінде әр қатысушы өз компьютері қасында болады, ал бір-бірімен қатынас Ғаламтор арқылы жүргізіледі.

«Визит» әдеби – музыкалық қонақжайы – Қонақжай жұмысының негізгі бағыты – оқырмандардың мәдени-бос уақытын өткізуін ұйымдастыру, кітаптарды және өнер сүюшілерінің қарым-қатынасы

Виртуалды көрме – Пайдаланушыларға жасалатын ақпараттықкітапханалық қызметінің жаңа түрі, дәстүрлі (кітап) және (электронды) ақпаратты ұсынудың жаңа тәсілі

Жаңа түсімдер көрмесі – Көрнекілік насихаттау және оқырмандарды ақпараттандыру мақсатында кітапханаға түскен баспа басылымдарының және құжаттардың тұрақты көрмесі. Әр бөлімде «Жаңа кітаптар – Новые книги» тұрақты кітаптар көрмелері ұйымдастырылады.

Сыйға кітап — Акция туралы хабарлама беру

Акцияға қатысушыларды тіркеу: аты-жөні, e-mail адресі, қатысушының сұраған кітабының атауын  жазып алу

 Тіркелген ойыншылардың арасында жребий жасау

  • Қатысушының  электронды поштасына жұбының реті мен кітап атауы, іс-шара өтетін күні  жазылған хабарлама жіберу
  • Белгіленген жерге қатысушыларды жинау
  •  Әр бір қатысушы берілген нөмірмен өз жұбын тауып кітап сыйлайды

Нәтижесінде:

Ең қызығы, қатысушылар өздерінің жұбы кім екенің соңына дейін білмейді. Ол мектеп басшысы, мұғалім, тәрбиеші, куратор, басқа бір сыныптағы оқушы, мектеп қызметкері, ата-анасы болуы мүмкін.

Біздің ойымызша, осындай жобалар мен іс-шаралар мұғалімдер мен оқушыларды жақындастырады және мектеп ұжымының бірлігіне әсер етеді. Сондай-ақ оқушыларды білім алуға, кітап оқуға және адамгершілікке тәрбиелеуге тартады.

Book Art — ескі және қажет емес кітаптардың, мерзімді басылымдардың  беттерін пайдалана отырып өнер туындысын шығаруға арналған мүмкіндік . Оқушылар өз фантазиясы мен қиялы арқылы жұмыс жасайды

Дәмді кітаптар фестивалі — бұл әдетте сәуір айында өткізілетін халықаралық шара. Қатысушыларға оқыған кітапбын  торт жасау пішінінде оқуға ұсыныс жасалынады.

Sciku — ғылымды поэзия арқылы ашу»- сөйлеу мәдениетін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту, поэзияға қызығушылығын ояту. Ғылыми терминдермен өлең құрастыруға үйрету

  • Өткізу формасы: Тақырыпқа сәйкес терминдер тізімін дайындау
  • Қатысушыларды топтарға бөлу
  • Sciku құрастыру әдісімен таныстыру
  • Өлең жолдарын құрастыруға уақыт беру
  • Құрастырылған сайку-өлеңдерін топтар бір-біріне оқып береді
  • Поэзия арқылы өрнектелген ғылыми терминдердің мәні ашылады

Әдеби джем – оқырмандар арасындағы белгілі бір танымал кітапты алыңыз. Кітаптағы басты кейіпкерлер мен оқиға орнымен байланысты парақтарды көшірмеден өткізіп, шағын үзінділер немесе өлең шумақтарынан  қиыңыз. Қиылған қағаздарды банкілерге салыңыз. Осыны тағы 5-6 кітаппен жасаңыз. Арнайы үстелге қойып оқушыларға әр банкідегі кітаптың немесе шығарманың, өлең шумақтарының атын  табуға мүмкіндік жасаймыз.

Компания 1,2,3 — 30 күн ішінде оқырмандар күн сайын 20 минут ішінде кітап оқиды және 3 минут ішінде олар оқығандары туралы жазба жазады. Тіркеу картасына жазба енгізеді және  күн сайын кітапханашыға белгі бастырады. Іс-шараның мақсаты оқуға деген қызығушылықты ояту, оқырман қалыптастыру, сауаттылық, өз ойларын қағаз бетіне түсіру және оқығандарын талдау дағдыларын дамыту. Бұл қарапайым және тиімді әдіс  және оқырмандардың алған білімдерін нығайтады.

Дублерлер күні — бұл өзін-өзі тану, кәсіби бағдар беру, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, дамытуға тәрбиелейтін оқырмандардың шығармашылық қызметі. Бұл күні еріктілер кітапханаға қызмет етеді, әдебиет оқуға кеңес береді және кітаптар таңдауға көмектеседі.  Жас ұрпақтың құлшынысы бізді бей-жай қалдырмайды. Өзін-өзі басқару арқылы бір күнге балаларды тәуелсіз болуға үйретіп, бір сәтке тұрақты стандарттардан алшақтап, оқырман өзін кітапханашы ретінде көрсетеді.

«Оқушыларға  оқуға ұсынған 100 кітабы» жобасы-бұл  көрмеге қойылатын «100 кітап …» жобасының тізіміндегі кітаптар. Мұндай көрменің форматы әртүрлі болуы мүмкін. Кітапханашылар оқырмандармен бірге экспресс көрмелерін, кітап көрмелерін безендіреді. Экспозициялар, көрмелер, қондырғылар және тоқылған шығармалармен көрмені безендіруге болады.

Көрменің мақсаты: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, әдеби талғамын арттыру, рухани және интеллектуалды дамуға ықпал ету.

«Алты ойшыл қалпақ» әдісі

Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланады. Оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы тиіс.

  1. Әркім ойлану керек және ойларын айтады
  2. Ойлау дағдысының дамуының бірі
  3. Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек
  4. Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек
  5. Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек
  6. Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу;
  7. Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек.

Балалардың өзі ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға үйрету. Алты ойлау қалпақтарын қарапайым және практикалық әдіс. Ол практикалық ойлаумен байланысты. Негізгі үш қиындықты жеңуге мүмкіндік береді:

  1. Эмоциялар
  2. Шарасыздық
  3. Түсінбестік

Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бөлуге жол береді, олардың әрбіреулеріне түрлі түсті қалпақ сәйкес келеді. Бөлу арқылы әрбір тәртіп тиімдірек пайдаланады, жалпы ойлау үрдісі бір нүктеге топталып, тұрақты болады.

BOOКBINGOойынға қатысушылардың әрқайсысы ұсынылған кітаптар тізімімен кесте  толтырады. Егер жүргізуші бинго тақтасына атауы шықса, онда бұл атауды крестпен сызып тастау керек немесе дөңгелектеу керек. Тігінен немесе көлденеңнен екі ұяшықтың барлық сызықтары бірінші болып шықса, онда бинго деп қатты дауыстап, қолын көтерген оқырман жеңімпаз болады. Ойын автордың және кітаптың атауын есте сақтауға көмектеседі.

Кітап оқыған — адам табысты адам» -«20 минут» кітап оқу жобасы .    Күн сайын мектепке келген оқушыға 20 минуттай кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр

Оқырмандар лентасы – балаларға арналған акция. Акция мақсаты: ғажайып ағаш құру. Кітапхананың оқу залына ағашқа жас оқырмандармен әр түрлі ленталар байланады. Олардың «Ұлы кітапқа» деген махабатын көрсетеді.

Сыр – сандық – оқырмандардың үстелінің үстіне сандық қойылады. Кітапханашы сандықтың ішіне әдеби кейіпкерлерге қатысты әр түрлі заттарды салып, оның қай шығармаға қатысы бар екенін сұрайды.  Сұраққа дұрыс жауап берген адам жеңімпаз атанады.

                                                                                      Мектеп   кітапханашылары:                Өтегенова Ұ.С. 

                                                                                                                                            Үмбетбаева Л.Ә.