Ана тілдің қадірін арттырып оны өлеңмен насихаттау мақсатында Абай атындағы РММИ ұйымдастыруымен Абай желілік мектептерінің оқушылары арасында «Тіл-ұлттың жаны» атты поэзиялық дуэль ұйымдастырылды.

Оқушылар ерекше өлең өрнектерімен қазақ тілінің құнарын дәріптеп, Ахмет Байтұрсынұлының өмірін, өнегелі өмірін жырлады.Сайыс екі айналымнан өткізілді.Жас ақындар бір-бірімен жұпталып, бірінші айналымда өздері жазған тіл туралы және Ахмет Байтұрсынов туралы өлеңдерін оқыды. Екінші айналымда финалға шыққан ақынмен жұпталып, өздері жазған еркін тақырыптағы өлеңдерін оқу арқылы жеңімпаз анықталды.

Байқау қорытындысы:

1-орын ШҚО, Абай атындағы мамандандырылған-гимназия интернатының оқушысы Ақгүл Серікқызы; Абай атындағы РММИ оқушысы Қазыбек Жалғас.

2-орын Жамбыл облысы, Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Шораев Аян; Абай атындағы РММИ оқушысы Тасмұратова Дана; Нұр-Сұлтан қаласы, Абай атындағы 87 мектеп-гимназияның оқушысы Махсутканова Айғаным.

3-орын Қызылорда облысы, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп интернатының оқушысы Нұрлан Нұрдәулет;Ақмола облысы, Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп -интернатының оқушысы Әміржан Нұрлы;

🌹🌹🌹Жетекшісі: Сүгіралиева Ақбаян