Бүгін «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» базасында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға Қызылорда қаласына қарасты 54 мектептен оқушы қатысып, білімдерін сынауда. Алғашқы күні 📚математика, физика, биология және химия📚 пәндері бойынша өтілді және олимпиада өткізіліп жатқан әрбір кабинеттерге камера орнатылып, жұмыс барысы YouTube желісі, ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирден көрсетілуде.Алғашқы күннің нәтижесі мектебіміз үшін жақсы көрсеткіштердің бірі болды. Атап айтар болсақ:
🧮📐 МАТЕМАТИКА пәні бойынша:
🥇Рыстығұл Фатима — І ОРЫН, 9 сынып оқушысы, жетекшісі Ербаева Динара Ербайқызы;
🥉 Нұғман Ислам — ІІІ ОРЫН, 11 сынып оқушысы, жетекшісі Касымбекова Гульмира Апбазовна;
⚖🔭ФИЗИКА пәні бойынша:
🥈Қуанышбай Жансая — ІІ ОРЫН, 11 сынып оқушысы, жетекшісі Жумагулова Шынар;
🥈Ауелхан Дінмұхамеб — ІІ ОРЫН, 9 сынып оқушысы, жетекшісі Кулова Айнур;
🧪⚗ХИМИЯ пәні бойынша:
🥇Шазында Ерке — І ОРЫН, 9 сынып оқушысы, жетекшісі Айтмужанова Агжан Ералиевна;
🥉Баймаханова Жаннур — ІІІ орын, 10 сынып оқушысы, жетекшісі Турабаева Манат Абдуллаевна;
🔬🧬 БИОЛОГИЯ пәні бойынша:
🥉Жарқымбекова Аружан — ІІІ ОРЫН, 10 сынып оқушысы, жетекшісі Алимова Венера Маратқызы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Олимпиаданың облыстық кезеңінде табысты өнер көрсетулеріне тілектеспіз.🌹🌹🌹