Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» КММ 2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
АНЫҚТАМА
«22» мамыр 2025 жыл Қызылорда қаласы
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдануы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бойынша Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп 2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен талдау жасалды.
Көрсетілген мерзімде Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар негізінде жүргізілді.
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
Абай атындағы ДБА мектебінде жалпы қызметкерлер саны –541.
Оның ішінде педагог қызметкерлер бойынша – 427, оның ішінде 1 директор, 8 орынбасар, 3-педагог-психолог, 1-тәлімгер,1-әлеуметтік педагог, 1-дефектолог, 1-логопед, 4-педагог-ассистент, 1-менеджер 2- кітапханашы, 56 педагог қызметкер бала күтімінде, 5 педагог ақысыз демалыста. Қоса атқарушы -10.
Техникалық қызметкер -114, оның ішінде 1- шаруашылық жөніндегі орынбасар, 1- қойма меңгерушісі, 1-бас бухгалтер, 2- бухгалтер, 9-лаборант, 1-жүйе технигі, 2-бағдарламашысы, 10 техникалық қызметкер бала күтімінде.
Педагог-зерттеуші — 127, педагог сарапшы — 126, педагог-модератор — 130, педагог саны- 42. Жоғары білімді — 423, арнаулы орта білімді — 2. Педагогика ғылымының магистрі — 110.
Сонымен қатар, мектепте қазіргі таңда барлығы 4371 оқушы бар, оның ішінде МАД-0, 1-4 сыныптар-1576, 5-9 сыныптар – 2226, 10-11 сыныптар-570. 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 1-сыныпқа электронды түрде 243 оқушыға өтініш қабылданды.
2024-2025 оқу жылында мектепте 11 сыныпты 271 оқушы бітіреді. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны-24, «Үздік аттестатқа-33;
Кадр мәселесіне қатысты 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында (көрсетілген мерзімде) өз өтініштеріне сәйкес 4 педагог жұмыстан босатылып, 2 педагог жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар, өз өтініштеріне сәйкес жалпы саны 7 техникалық қызметкерлер жұмыстан босатылып, 4 техникалық қызметкер жұмысқа қабылданды.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында вакансиялық жалпы 2 бірлік бос орындарға (Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне ақпарат жолдай отырып) мектептің әлеуметтік желісіне бос жұмыс орнына конкурс жарияланды.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (15.08.2023 ж №259 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілді. Конкурс нәтижесі бойынша 2 педагог жұмысқа қабылданды.
Бұл сала бойынша заң талаптары бұзылмаған, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеген.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу;
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына сәйкес мектеп әкімшілігінің лауазымды қызмет атқаратын орынбасарлары өздерінің қызметтік функционалдарын орындауда Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 28 қараша 2001 жылғы №908 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы» Ережелерінде көрсетілген лауазымдық нұсқаулығын басшылыққа алып атқаруда, яғни жоғарыда көрсетілген жауапты қызметкерлерге мүдделер қақтығысы орын (жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық) алған жағдайда, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынатыны ескертілуіне орай заң талаптары бұзу фактілері орын алмағанына орай, Заңдылықтың бұл талаптары бойынша мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ, көрсетілген мерзімде басшылық құрамға және қызметкерлерге қатысты арыз-шағымдар түспеген.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында (көрсетілген мерзімде) мектепке мемлекеттік қызмет түрлері бойынша төмендегідей өтініштер қабылданған.
Оның ішінде:«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша- 2025 жылдың қаңтар – мамыр аралығында 2024-2025 оқу жылына 1 сәуірден бастап egov.kz электрондық үкімет порталы 244 оқушы ағымдағы жылдың 1-сыныпқа құжаты қабылданды.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша ES.IAC.KZ порталы арқылы- 2 өтініш келіп түсті. 2 өтініш оң нәтижемен жауап берілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы Цон арқылы – 0.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 1-4 сынып оқушылары үшін – 1570 оқушы, 5-11 сынып оқушылар арасында жеңілдетілген тамақтандыру -163 оқушы;
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2025 оқу жылдың қаңтар-мамыр аралығында қала сыртындағы лагерьге — 30, мектеп жанындағы лагерьге демалуы үшін- 40 оқушының құжаттары қабылданған.
Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылардың құжаттарын рәсімдеу «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіліп отыр, 2024-2025 оқу жылында барлығы 38 оқушы үйден оқыту бойынша (уақытша және толық оқу жылы) құжат өткізді. Оның ішінде 2025 жылдың жылдың қаңтар-мамыр аралығында (көрсетілген мерзімде) 7 оқушының ата-анасынан денсаулығына байланысты үйден оқыту үшін өтініш қабылданды.
2. Мемлекеттік органмен тікелей көрсетілген мемлекеттік қызмет орын алынған жоқ.
3. Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны (ПЭП) –0 санын құрады. Келіп түскен сұранымдар бойынша өз мерзімінде жауап беріліп, Заң аясында жұмыстар жүргізілген. Ішкі талдау барысында саланың бұл талаптарымен заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
Мектепте бұл бағыттағы рұқсат беру функциялары берілмеген.
5) Бақылау функцияларын іске асыру;
Бұл бағыт бойынша да іске асыру мүмкіндігі жоқ.
6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру мен бөлу;
Абай атындағы ДБА мектебі бойынша 2025 жылдың қаңтар-мамыр айында жалпы қаралған бюджет 2 482 715,8 мың теңге.
2025 жыл 5 айда 1 137272,0 мың теңге игерілді.
Оның ішінде игерілгені;
082 бағдарлама бойынша – 281 063,0 мың. теңге,
203 бағдарлама бойынша – 856 209,0 мың. теңге,
2025 жылға бюджеттен 2 482 715,8 мың теңге қаржы бөлініп, 5айыда яғни қаңтар мен мамыр айларына 1 137272,0 мың теңге теңге қаржы жұмсалды, яғни 5 айға 100 пайызға игерілді.
7) Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасау;
2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепке» жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түспеген.
Әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері мөлтек аудан және де қала тұрғындарының мектептің оқу-тәрбие үдерісі т.б. мәселелері «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» директорының жеке қабылдауы тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, директормен бекітілген кестеден басқа аптаның кез-келген күнімен жеке қабылдаулар жүргізіліп келеді.
Бекітілген кестеге сәйкес көрсетілген мерзімде 15 рет азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, 15 ата-ананың өтініштері тыңдалды. Қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесі жеке қаралып, жедел шешімін табуға жұмыстар жасалынды.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» туралы ҚР-ның 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде мазмұны бойынша негiзделген және уәжделген болуға, оның қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле отырып, арыз иесінің дәлелдерiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтуға тиiс делінген. Ішкі талдау барысында «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» өтініштер тіркеліп, қаралып, өтініш иелеріне жазбаша, уақытылы жауап беріліп, өтініш иелеріне ҚР-ның заңнамаларына сілтеме жасай отырып, өтініш иелеріне қабылданған шешімге шағым беру құқықтары түсіндірілген.
Сонымен қатар «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында жалпы – 4 өтініш түскен, (заңды тұлға-3, жеке тұлға -1) оның ішінде 1-і арыз, 3-і ұсыныс. Бұл өтініштер бойынша электрондық жүйе арқылы жауап берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты мәселелер тұрақты қаралып, оларға қатысты шағымдардың болмағаны зерделеніп, бұл сала бойынша заңдылықтың бұзылу фактылері орын алған жоқ.
8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
Абай мектебінде интернеттің 4 нүктесі бар ( Бір 10 Мбит/сек, екі 20 Мбит/сек, бір 60 Мбит/сек) Wi-fi желісімен қолжетімділік бар, жоғары интернет жылдамдығымен қамтылған. Кең жолақты интернет желісімен Қазақтелеком провайдерімен келісім-шарт жасалған.
Мектеп Ұлттық білім беру дерек қоры жұмыс жасауда. ҰББДҚ жыл көлемінде жұмыс жүргізіледі.
Білім беру ұйымдары тіркеу мәліметтерін, білім беру процесі туралы негізгі мәліметтерді, қосымша мәліметтерді, материалдық-техникалық база туралы мәліметтерді, білім беру объектісі туралы негізгі мәліметтерді, персонал және білім алушылар контингенті туралы сауалнамалық деректерді енгізілген, оның ішінде:
— ғимарат туралы мәліметтерді толтырылған;
— тіркеу мәліметтері енгізілген;
— асхана және асхана жабдықтары туралы мәліметтер енгізілген;
— білім беру процесі туралы негізгі мәліметтерде оқыту тілі, пәндерді көптілді оқыту, түрлері бойынша үйірмелер мен спорт секцияларының саны көрсетілген;
— білім беру объектісі туралы негізгі мәліметтері толтырылған;
— персонал қызметкерлер туралы мәліметтер енгізілген;
— оқушылар туралы мәліметтер енгізілген.
Алшақ қолжетімділіктегі бағдарламалық өнімдерді пайдалану қызметтеріне 2024-03-26 хабарландыру жарияланып, №11617079-2-КПКО1 лот бойынша жеңімпаз «bilim.app» ЖШС «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде «bilim.app» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы №87 шарт 30.04.2024 жыл жасалды.
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаржылық есептің жүргізілуін оңтайландыру және қаржының игілілуін бақылау мақсатында келісі автоматтандырылған жүйелермен жұмыс атқарады. Атап айтқанда айтқанда кешенді бұлтты ақпараттық жүйесіне қол жеткізу, техникалық қызмет көрсету, сүйемелдеу, әкімшілендіру, пысықтау, өзгерістер енгізу және жаңарту жөніндегі ақпараттық жүйесі. Мемлекеттік сатып алулар және тауарлар мен қызметтерді қабылдау ақтілерін жүргізу мемлекеттік сатып алу электронды портал goszakup.gov.kz арқылы жүргізіледі. Мекеменің бюджетке төлемдері және айлық ақымен есеп айрысуларын, әлеуметтік өнімберушілермен есеп айрысулары қазнашылық органдарының К2 бағадарламасына еңгізілген төлем құжаттары негізінде жүргізіледі. Мекемені қаржылық есептіліктер salyk.kz, stat.gov.kz, esf.kz және де ҚР Қаржы министрдігі бекіткен сайттар арқылы тапсырылады. Сонымен қатар мектеп жүйе техникаларына ішкі талдау жүргізілді.
Қолданыстағы бағдарламалар мен компьютерлік қондырғылардың есебі жүргізілген ішкі талдау бойынша дербес компьютерлер саны – 233, ноутбуктер –138, планшеттер – 35, принтерлер – 34, интерактивті тақталар -8,
интерактивті панельдер-24, интерактивті прожекторлер – 30 , LED экран -1, орнатылған видеокамералар – 94.
Оның ішінде көрсетілген мерзімде істен шығып жөндеуге берілген қондырғылар саны – жоқ, мерзімі өтіп, есептен алынғандары – жоқ.
9)Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер;
Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы аясында жүргізілген. Мектепте мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық деректері орын алмаған.
Қорытынды.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» КММ-де атқарып келген қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаты орын алмаған деп қорытынды жасалынады.
Абай атындағы үш тілде
оқытатын дарынды балаларға
арналған мамандандырылған
сыныптары бар мектеп директоры А.Уткелбаева