✨💫 Бүгін бітіруші түлектер үшін ең керемет, ерекше мереке. Он бір жыл бойы білім алып, талаптанып, үлкен өмірге деген қадам басып, армандарына қанат самғайтын, мектепке деген қимастық сәті «Соңғы қоңырау🔔 » салтанаты.

⚜Мектебімізде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын болып өтті.
📌Мектебіміздің директоры Ж.Садвакасова бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, оқушылар мен ата-аналарға алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.
Биылғы оқу жылында 146 бітіруші түлектер алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр.
🌀Мектебіміздің бітіруші түлектері ұстаздарға, мектепке деген алғыстары мен жылы лебіздерін үш тілде жеткізді. 🔔»Соңғы қоңырау» соғу салтанаты «Үздік аттестатқа үміткерлер мен 1 сыныптың оқу озаттарына берілді.
🔻 «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» демекші он бір жыл уақыттарыңызда өте шығып, АЛТЫН ҰЯЛАРЫҢЫЗБЕН қоштасатын сәттеріңіз келіп жетті. Балалық шақтан, болашаққа деген үлкен қадам аттағалы жатырсыздар сіздерге ақ жол тілейміз🎈