🍃»Бір жылдық жақсылық жасағың келсе — егін ек. Жүз жылдық жақсылық жасағың келсе — тал ек. Мың жылдық жақсылық жасағың келсе — бала тәрбиеле, ұстаздық ет» ⠀
🚮🧹 Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау — әрбір азаматтың міндеті. Осы міндетті алға тарта отыра, тазалық жұмыстарына мектеп қызметкерлері бір кісіден атсалысып, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. ✔Барлық қажетті заттармен қаруланып, Мектеп қызметкерлері мектеп аумағының сыртқы келбетін ретке келтіруден бастады. Жол жиектері әктеліп, қоқыс жиналып, мектеп айналасындағы жолдар тазартылды және мектеп ауласына ағаштар мен гүлдер егілді.
⠀ ✅🔺️Сенбілік жемісті әрі өзің үшін ғана емес, қоршаған ортаға да пайдасымен өтті. Барлығы атқарылған жұмыстарға риза болды. Себебі тәртіп пен тазалық адамның бойында да, оның айналасында да болуы керек.