Тілдер мерекесіне орай Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде 4-сыныптар арасында «Тапқырлар тартысы» интеллектуалды, 4-кезеңнен тұратын сайыс өткізілді.
1-кезең «Құпия ұяшық»
2-кезең «Ұлы адамдардан хат»
3-кезең «Мозайка»
4-кезең «Топ басшылар додасы»
📌Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Топ ішінде бір- бірінің пікірін тыңдауға, әдептілікке, бірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сайыс соңында әділқазылар қорытындысын шығарып дипломдармен марапаттады.
🥇1-орын «Тапқырлар» тобы
🥈2-орын «Білімділер» тобы
🥉3-орын «Алғырлар» тобы