Тәрбие бөлімі

Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында - тәрбие жұмысының басты бағыты мен әлеуетін арттырудың негізі

Жоспарды әзірлеу үшін  негіз: – Қазақстан Республикасының Конституциясы; — «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1995 жылы   30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); — «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014. 17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); –  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2015.13.01. берілгенөзгертулер мен толықтыруларымен); – «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілгенөзгертулер мен толықтыруларымен); — «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республика- сының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы; — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»; — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»; — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың — Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»; – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы — Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); — Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасs Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген; – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген; − «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы; – «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған; — Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген; — «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығы

     Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.      Міндеттері:      1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.      2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.      3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.      4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.      5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.      6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.      7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.      8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

2020-2021 оқу жылында тәрбие үрдісінде баса назар аударылатын мәселелер

1. Кәмелетке толмаған балаларға сол секілді олардың отбасыларына жайсыздық фактілері анықталған кезде жедел тиімді профилактикалық алдын алу жұмыстарын атқару.
2. Мектеп және отбасы арасындағы құқықтық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық үйлесімді қарым-қатынасты үздіксіз дамыту;
3. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында пәндік және спорттық үйірмелер жұмысын жүйелі ұйымдастыру;
4. Балаларды дұрыс тәрбиелей алмаушы отбасылардың негізгі проблемалары мен оның шығу себептерін анықтау, зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу;
5. Мемлекеттің қамқорлығын қажет етуші отбасыға өмірлік қиыншылықтар туындаған жағдайда қол ұшын беру, заң аясында әлеуметтік көмек алу мақсатында құқықтық кеңестер беру, психологиялық қолдау көрсету;
6. Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту аясында семинар-кеңестер, кәсіби байқаулар, педагогикалық оқылымдар ұйымдастыру;
7. Мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығын қорғау, оқушы қызметінің құқықтық жауапкершілігі мен заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыру аясында әр күні бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізу;
8. Әр түрлі ұлттардың бірлігі мен ынтамағы аясында тәрбие жұмысының әлеуетін арттыру мақсатында «Мектеп ассамблеясы» ұйымын құру;
9. Тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижесін анықтаудың мониторингісін ұдайы жүргізіп отыру;