Қалалық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен математика, физика және информатика пәндері бойынша қала мектептерінің ұстаздары арасында «ТEDx» форматында «Менің идеяларым» тақырыбында байқау өтті. Байқаудың мақсаты мұғалімдер жаңа технолониялар элементтерін қолдану, оқыту барсында инновациялық идеяларды және әдістерді іздеу, жан-жақты креактивті шығармашыл мұғалімді анықтау.

Математика пәні бойынша «Абай» мектебінің мұғалімі Тоқмырзаев Асылхан және №144 орта мектептің мұғалімі Қалдан Аружан ІІІ орын, №3 ІТ мектеп-лицейінің мұғалімі Бейісбай Назерке ІІ орын, №222 орта мектептің мұғалімі Әбсадықов Аймырза І орынды иеленді.

Физика пәні бойынша №11 мектеп-лицейінің мұғалімі Оңдасынов Аян мен №3 ІТ мектеп-лицейінің мұғалімі Сағынбаев Әлішер ІІІ орынға, №212 мектеп-гимназиясының мұғалімі Таширова Мөлдір ІІ орынға, №215 орта мектептің мұғалімі Бекетова Галия І орынға жайғасты.

Информатика пәні бойынша №198 орта мектептің мұғалімі Жауғашарова Айдана, №143 орта мектептің мұғалімі Жұмабай Гүлзат және №171 орта мектептің мұғалімі Омарова Қаламқас ІІІ орын, №173 орта мектептің мұғалімі Әбдікәрімова Жанар, №257 орта мектептің мұғалімі Мансурова Айгүл ІІ орын, №1 мектеп-гимназияның мұғалімі Шахар Ханбүркіт І орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Возможно, это изображение 5 человек, люди стоят и в помещении
Возможно, это изображение 10 человек, люди стоят и в помещении