Мектебімізде физика кафедрасының ұйымдастыруымен жаңа зертханалық құралдармен толық жабдықталған физика кабинеті ашылды. Ашылу барысында, оқушылар физика кабинетін таныстырып, интерактивті тақтаның көмегімен «Электр тізбегі,ток күшін өлшеу» тақырыбындағы зертханалық жұмыс көрсетті. сондай-ақ, Шахи Нұрасыл күй тартса, мектеп мақтанышы Піржан Сандыбай «Физикаға деген махаббат» өлеңін арнады. Әрі қарай 9 сыныптар арасында «Физиканың жас білгірлері» сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
БАС ЖҮЛДЕ — «Кинематика» тобы;
І ОРЫН — « Динамика» тобы;
ІІ ОРЫН — «Статика» тобы иеленіп, Әуелхан Дінмұхаммед «Ең үздік физик» номинациясымен марапатталды.