Фото-видео студия

"Murager production" фото және киностудиясы

     Мектебімізде 2019 жылы «Murager production» фото және киностудиясы ашылды. Киностудия жастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға көңіл бөледі. Соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған студия талантты жастарды өнер әлеміне баулуға ықпал етеді. Алдағы уақытта мектеп оқушылары кино мен фото ісін үйреніп, өздерінің алғашқы жұмыстарын жасауға ниет білдіріп отыр. Қазірдің өзінде киностудия алғашқы туындыларын жұртшылыққа ұсынып үлгерді.