Мектебіміздің химия пәнінің мұғалімдері Н.Ә.Әкімтаева мен Б.М.Шәкиев ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта оқушыларға тәжірибе жұмыстарын көрсетті. Онда оттектің алынуы мен сұйытылған қышқылдардың металлдармен әрекеттесуі ұсынылды. Оттек пен сутектің түзілгендігіне оқушылардың нақты көздері жетті.

Тәжірибе барысында оқушылар жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, пәндік терминдерді қолдана отырып, химиялық реакциялардың жүруін түсінді.