Құқық бұзушылық

«Жалпы құқықтық білім беру сабағы»

🔰Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу. АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАРЫ БАР МЕКТЕБІНДЕ 1-қыркүйек күні сағат: 11:00 де 9-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру мақсатында жиналыс өткізілді. 

📌Жиналысқа Қызылорда облысының  полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі  Назарбек Жамал-ад-Дин, мектеп инспекторы Петров Афанасий Игоревич, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Жомарт Сейітқалиұлы қатысты. 

📌Полиция полковнигі Назарбек Жамал-ад-Дин оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және құқық бұзушылық орын алған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер жайлы дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

                                                                                   «Бекітемін»

                                                                           Абай атындағы мектеп директоры

                                                                               _____________Ж.Садвакасова  

                                                                                «____»_________ 2021 жыл

        «Құқық бұзушылықтың алдын алу» кеңесінің және  тәртіп бұзуға бейім  

                               оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

                                                       2021-2022 оқу жылы

 

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған Кеңестің мүшелерін бекіту

Қыркүйек

ДТІЖО

2

Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған Кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарын бекіту

Қыркүйек

ДТІЖО, мектеп психологтары, мектеп инспекторы

3

Құқық бұзушылықтың алдын алу барысында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жасау

Қыркүйек

ДТІЖО, мектеп инспекторы

4

Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған  кеңес өткізу

Ай сайын

ДТІЖО, сынып жетекшілер, психологтар, мектеп инспекторы,  әлеуметтік педагог

5

Тәртіп бұзған оқушылармен жұмыс

Жыл бойы

ДТІЖО, сынып жетекшілер, психологтар, мектеп инспекторы,  әлеуметтік педагог

6

Тәртібі қиын жасөспірімдерді, есепте тұрғандарды, жағдайы төмен отбасыларды жүйелі  түрде аралап тұру, рейдтік іс-шаралар

Ай сайын

Әлеуметтік педагог, мектеп психологтары, мектеп инспекторы 

7

Жасөспірімдер арасында ұсақ қылмыстың алдын алу үшін арнайы мамандармен кездесу ұйымдастыру

Ақпан

ДТІЖО

8

Есепке алынған оқушылардың ата-аналарымен   әңгіме өткізу

Үздіксіз

ДТІЖО, мектеп психологтары, мектеп инспекторы,  әлеуметтік педагог

9

Жасөспірімдердің зиянды заттардан аулақ болу үшін арнайы мамандармен кездесу ұйымдастыру

Наурыз

ДТІЖО

10

Тәртібі қиын оқушыларды үйірмелерге, қалалық іс-шараларға тарту

Жыл бойы

ДТІЖО, сынып жетекшілер

11

Оқушылармен «Жолда жүру ережелері», ғаламтор ойындары тақырыбында алдын-алу жұмыстарын жүргізу

Үздіксіз

ДТІЖО, мектеп инспекторы,  сынып жетекшілер

12

Мектепішілік тәртіп бұзған оқушылармен жүргізілген жұмыс туралы сынып жетекшілерінің, психологтардың есебі, жұмыстың қорытындысы

Мамыр

ДТІЖО, мектеп психологтары, мектеп инспекторы,  әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер

Директордың тәрбие ісі                                                    

жөніндегі орынбасары                                Ж.Сейтов    

                                                                         Ж.Орал  

2021-2022 оқу жылына арналған жоғары сынып оқушыларына Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары жөнінде жиналыс   

хаттамасы

Өткізілген күні: 22.09.2021ж

Уақыты: 11.00

Қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары

Өткізілу форматы: Мектеп акт залында

 

Қатысқандар:

          Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Орал

          Мектеп инспекторы  – Ө.Жұбанышбаев

 

Күн тәртібінде

          Түнгі 23:00 ден кейін көшеде ата-анасының қарауынсыз жүрмеу

          Топтық төбелеске қатысудың құқықтық жауапкершілігі

          Электронды сигареттердің зияны және оны мектепте, қоғамдық орында пайдаланудың құқықтық жауапкершілігі

 

Тыңдалды

Алғашқы сөзді мектеп директорының орынбасары Ж.Орал айтып, оқушыларды мектеп инспекторымен таныстырды. Электронды сигареттердің зияны жайлы ақпараттар беріп, оны мектепте пайдаланудың құқықтық жауапкершілігі барын, және факт анықталған жағдайда оқушының ата-анасына әкімшілік құқық бұзу бойынша айыппұл салынатынын ескертті.

Келесі сөзді мектеп инспекторы Жұбанышбаев Өркен Қалиұлы алып, оқушыларға түнгі 23:00 ден кейін ата-ананың қарауынсыз жүру, топтық төбелеске қатысу сияқты құқық бұзушылықтарды ескертті. Мұндай жағдайлар орын алғанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушының ата-анасына айыппұл салатынын хабарлады.

 

 

 

Хатшы                                                                 Г.Назарбекова

 

       Директордың тәрбие

 

           ісі жөніндегі орынбасары                                                  Ж.Сейтов

                                                                        «Бекітемін»

       Абай атындағы мектеп директоры

                                                                               _____________Ж.Садвакасова 

                                                                                «____»_________ 2021 жыл

 

   Абай атындағы  үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте Діни экстремизмнің алдын алу мақсатындағы жұмыс жоспары

Іс-шара атауы

Аяқталу нысаны

Өткізілетін уақыты

Жауаптылар

1

Діни ұйымдарға қатысатын отбасылар мен оқушыларды анықтау, әлеуметтік-педагогикалық диагностика жүргізу

Зерттеу

Қыркүйек

ДТІЖО Ж.Сейтов

          Ж.Орал

 Әлеуметтік педагог И.Бекбасова

Мектеп психологтары

2

Мектеп ішіндегі оқушылардың киімі туралы ережесін сақтауын қадағалау

Ақпарат беру

Жыл бойы

Мектеп әкімшілігі

3

«Діни экстремизм деген не?»

Сынып сағаттары

Жоспар бойынша

ДТІЖО Ж.Сейтов Ж.Орал, 5-11 сынып жетекшілері

4

Орталық мешітте кезекшілік рейд

Рейд

Аптаның  Жұма күндері

ДТІЖО Ж.Сейтов

          Ж.Орал

 

5

«Діни экстремизм иделогиясы тарауына қарсы жұмыстың әдістері»

Семинар

Қараша

ДТІЖО Ж.Сейтов Ж.Орал, Зайырлылық және дінтану пәнінің мұғалімдері С.Альсейтова Т.Кулмурзаева

6

Діни экстремизмге байланысты сұрақтар бойынша кездесулер – дін өкілдерімен кездесу

Кездесу

Желтоқсан

ДТІЖО Ж.Сейтов

          Ж.Орал

Зайырлылық және дінтану пәнінің мұғалімдері А.Ізбасты

М.Серікбаева

7

Діни секталарға үгіттеуді шектеу мақсатында ата –аналарды ақпараттандыру

Ақпарат беру

Жыл бойы

ДТІЖО Ж.Сейтов

          Ж.Орал

Г.Назарбекова

 

Директордың тәрбие ісі                                   Ж.Сейтов

                                             жөніндегі орынбасарлары                                      Ж.Орал   

 

Профилактикалық құқықтық сағат

Құқық бұзушылықтың алдын алуда отбасылық жақсы тәрбие мен білім беру мекемелеріндегі ұстаздардың сапалы жұмысы аса маңызды. Осыған орай АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАРЫ БАР МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ, НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ, КИБЕРБУЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ сағаты оқушылар арасында офлайн, ата-аналармен онлайн форматта  ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

  Жиналысымызға қонаққа

🌹Қалалық #3 Емхана Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері КАЛЫКОВА ЖАНЕРКЕ КАЛДАНОВНА

🌹Облыстық жастар денсаулығы орталығы маманы ДЖУМАДИЛЬДАЕВА РАУШАН ӨМІРӘЛІҚЫЗЫ

🌹Қалалық #3 Емхана психологы БОЛЫСОВА АЙГЕРІМ АБЗАЛҚЫЗЫ

👮‍♀Қызылорда ҚПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры АЛДАБЕРГЕНОВ НҰРБОЛ келді.