Үйірмелер

Үйірменің үйретері көп

Жалпы білім беретін мектептердегі  оқу-тәрбие процесінің  маңызды құрамдас бөлігінің  бірі – сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың  шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін  шыңдауға жол ашады.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы.  Үйірмені ұйымдастыру жүргізу үстінде  мұғалімнің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.  Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты  шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын  толық қанағаттандыра алады.

Үйірме жұмысын  негізінен  теориялық және практикалық  бағытта жүргізуге болады және де оның жұмысын қамтуда оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылығын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен   сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс.

Осы бағытта мектебімізде төмендегідей үйірмелер жұмыс жасайды:

  • Футбол үйірмесі;

  • Баскетбол үйірмесі;

  • Волейбол үйірмесі;

  • Үстел теннисі үйірмесі;

  • Бокс үйірмесі;

  • Шахмат;

  • Тоғызқұмалақ;

  • Гимнастика;

  • Хореография;

  • Фото және киностудия;

  • Домбырашылар;

  • Қолөнер үйірмесі.