«ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТІЛ» ⚜️
⚜️Жас ұрпақтың бойында өз халқының да, өзге ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында 1998 жылдың 22 қыркүйегі Тілдер мерекесі болып белгіленгені баршаға мәлім. Бүгінде Атаулы күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлатағатты сөздің авторы, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланыстырылуда.
🔹Осыған орай Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде «ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТІЛ» тақырыбында іс-шара өткізілді.
📌Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
⚜️Тіл-қай ұлтта,қай елде болмасын қастерлі,құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптастады.
Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда — ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай шүлдірлеп қазақ тілінде сөйлеген қазақ баласының орыс тілінде сөйлеуі де бүгінгі күннің қажеттілігі.
⚜️Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының «Анама хат» шығармасынан қойылым қойылып жалғасын тапты.