Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З🎉🎉🎉

🔹“ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН:САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ” облыстық тамыз педагогикалық кеңесі 2023 жылдың 18 тамыз күні Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі тамыз конференциясының секциялық отырыстары өткізілді.

🔹Тамыз конференциясының негізгі мақсаты- білім беру саласындағы басқару мәселелерін жан-жақты талқылауға, жаңа бастамаларды ұсынуға және білім беруді жаңартуда әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге жағдай жасау.

🔹Педагог қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясы аясындағы өңірлік пәндік секцияларында «Пәндік құзіреттілік — мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор» тақырыбында мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Турабаева Манат Абдулақызы , биология пәнінің мұғалімі Алимова Венера Маратқызы мастер сабақтарын өткізіп, алғыспен марапатталды. Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!