31 тамыз күні Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде жаңа оқу жылының алғашқы
«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбындағы №1 педагогикалық кеңесі болып өтті.
Педагогикалық кеңес барысында мектеп директоры Жаннат Мылтықбайқызы сөз алып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерін таныстырып өтті.
Күн тәртібінде:
1.2022-2023 өткен оқу жылының нәтижесін сараптау. Жаңа оқу жылының міндеттерін айқындау. 2023-2024 оқу жылына оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік-нұсқау хатпен таныстыру;
2.2022-2023 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы;
3.Кабинет меңгерушілерін, әдістемелік бірлестік жетекшілерін бекіту, мұғалімдердің сағат жүктемелерін бекіту, мектепішілік бақылау кестесін бекіту;
4.Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізуді ұйымдастыру, әлеуметтік көмек алатын оқушылар мәліметі;
5.Мектеп мұғалімдерінің аттестациялануы және біліктілік арттыру курстары туралы;
7.«Алтын белгі» белгісіне және үздік аттестатқа үміткерлерді ұсыну;
8.Инклюзивті, үйден оқыту оқушыларымен жұмыс жасау;
9.Мектептің ішкі еңбек тәртіп ережесімен таныстыру, лауазымдық міндеттемелер, педагогикалық этика;
10.Әр түрлі мәселелер;
Педагогикалық кеңес соңында мектеп директоры Жаннат Мылтықбайқызы мектеп ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.