Last Updated on 25.02.2021 by Nauriz91

Карантин уақытында спортшыларымыз үшін мектептегі әдеттегідей жаттығу уақытша тоқтатылғанмен, үйде жаттығуларын жалғастыруда. Ал Интеллектуалдық ойындармен шұғылданатын спортшыларымыз мектебімізде шаxматтан тұңғыш ұйымдастырылған онлайн жарысқа қатысып, бақтарын сынап көрді. Мектебімізде 2021 жылы 14 ақпан күні онлайн форматта «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналған мектеп оқушылары арасында шахматтан қалалық жарысы өтті. Аталған жарыстың басты мақсаты шаxматшылардың кәсіби шеберліктерін арттыру, дарынды шаxматшыларды алдағы жарыстарға іріктеу және де карантин кезінде балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану.

♟Ережеге сай жарыс lichess.org сайтында 6-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар және қыздар) командалық есепте шапшаң шахмат түрінен өткізілді.

♟Әр спортшыға бір партияға 5 минут + 2 секунд, әр жасалған жүріске қоса уақыт беріліп отырды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды жеңіп алған оқушылар Қызылорда қалалық білім бөлімінің арнайы дипломдарымен марапатталды.