Last Updated on 13.04.2021 by Nauriz91

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз. «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізіміндегі балалар әдебиетінде Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» кітабы бар. Мектеп кітапханашысы Л. Әбдіхалықова мен бастауыш сынып мұғалімі М.Ж.Кудебаеваның ұйымдастыруымен 4 сынып оқушыларымен бірлесе іс-шара өткізілді. «Өнер-білім бар жұрттар» кітабынан әңгіме, өлең тыңдалып, мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар шешілді. Оқушылар кітаптан оқылған шығармалардың негізгі ойын түсіне отырып өз ойларымен бөлісті.Сабақ соңында оқушыларға «Өнер-білім бар жұрттар» тақырыбында Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен өлеңдері жазылған кітапша сыйға тартылды.