Last Updated on 22.01.2021 by Nauriz91

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Жаңа күн мен жаңа өмірге жетелейтін 2021 Жаңа жылымыз да келіп қалды. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің біз күтпеген қуанышы, бақыты, сыйы болады. Ескі жылда атқарылған істерімізге есеп беріп, алдағы жоспарларды жаңа жылдың еншісіне қалдырамыз. 2020 оқу жылы біздер үшін табысты жыл болды деп айтсақ болады. 2020-2021 оқу жылында республикалық ғылыми сайыстардың облыстық кезеңінен 11 оқушы жеңімпаз атанса, 1-7 сыныптар арасында республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінде 10 оқушы, ҮІІ республикалық «Ақберен» онлайн өнер байқауында 1 оқушы жеңімпаз атанды. 10 сынып оқушысы Піржан Сандыбай «Самғау» жастар сыйлығының иегері атанып, 100000 сыйақы иеленді. Республикалық «Үздік мектеп» онлайн-байқауында ІІ орынмен марапатталса, қалалық, облыстық эссе және сурет байқауынан, ақындар мүшайрасынан, республикалық ғылыми сайыстардан бірнеше оқушылармыз жеңімпаз атанып, Абай, Мұқағали оқуларынан 100-дің үстіндегі оқушыларымыз үздік нәтижелер көрсетті. Мектеп тренері Базарханова Назерке «Үздік мектеп тренері-2020» қалалық байқауының бас жүлдегері, облыстық кезеңнің ІІІ орын, қалалық «Үздік тәрбие маманы -2020» байқауынан бастауыш сынып мұғалімі Ниятова Динара Жорабекқызы ІІІ орын, қалалық «Үздік психолог — 2020» байқауынан Даниярова Мереке Сұлтанбекқызы ІІІ орын иегерлері атанса, «Үздік кітапхана — «COWORKING» орталық» байқауынан ІІІ орын жеңіп алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тебегенова Гүлбану Түленқызы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды. Осындай кәсіби жетістіктер мен оң өзгерістер, жеңісті сәттер алдағы жылда да жалғасын табады деген зор сенімдеміз.Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін,ой-мақсаттар жүзеге асатын,арман-үміттер ақталатын жыл болсын.Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін. Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын! Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін! Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ізгі тілекпен, “Мұрагер” мектебінің директоры Ж. Садвакасова