Last Updated on 13.04.2021 by Nauriz91
2021 жылдың 12 наурыз күні №140 Абылайхан атындағы қазақ орта мектебінде өткен «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұлы тарих – кемел келешекке жетелейді» тақырыбындағы мектеп кітапханашыларының қалалық семинарына мектебіміздің кітапханашысы Үмбетбаева Лиза қатысып, Назарбаев зияткерлік мектебінен алған тәжірибесімен бөлісті.
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тізімінен алынған кітаптардан «Флипбук» ойынын ойнатып, ұстаздар мен окушылар тақтаға ілінген сұрақтағы кітапты сурет салу арқылы жасырып, кітап атауын таба білді. Семинар қызықты да әсерлі өтті.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Осы акция аясында танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.