Last Updated on 13.04.2021 by Nauriz91

Бүгін мектебімізде “БҰЛ МЕНІҢ АҒАШЫМ” акциясы ұйымдастырылды. Акцияны өткізудегі негізгі мақсаты — экологиялық ахуалды жақсарту, мектеп айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, гүлдендіру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар оларды еңбекке баулу.

Табиғатты қажетімізге мейлінше пайдаланумен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың міндеті. Іске сәт!

Мектеп оқушылары ағаштарды бар ынта-жігерімен отырғызып жатты. Бірі күрегін қолына алып, ағаш отырғызса, енді бірі шелегін алып, оған су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті.