Last Updated on 13.04.2021 by Nauriz91

1 «K» сыныбында «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз » мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді,салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Оқушылар Наурызға байланысты өлеңдерін мәнерлеп оқыды,қыздар қазақтың «Қамажай» биін билеп, жігіттер ұлттық ойындардан асық ату ойынын ойнап, қол күрестіріп, күш сынасты. Қыз бен жігіт айтысы да болды.

Наурыз мерекесіне қазақтың батырлары да қонаққа келді. Қамбар батыр мен Алпамыс батыр өлең шумақтарын,мерекеге тілектерін айтты. Екі батырдың қазақтың ұлттық күресі «қазақша күрес» көріп,жігіттердің өнерлерін тамашаладық.Тәрбие сағаты соңында Наурыз мерекесіне Қыдыр ата да қонаққа келіп, жас бүлдіршіндерге бата берді.Бата- адал ниет,шынайы тілек білдіру дәстүрі. Батамен ел көгерер,жаңбырменен жер көгерер деген халқымыз. Осылайша тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті.