🎈1 МАУСЫМ — БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ🎈🎉 Мектебіміздің жанынан құрылған «Бал-бала» күндізгі тынығу лагерінің ашылуы және «1 маусым — балаларды қорғау күні» мерекесіне орай балаларымызды құттықтау мақсатында » Бала деген бір бақыт» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарамызды мектеп директоры Ж.Садвакасова құттықтау сөзімен, балаларға деген ыстық тілегімен ашып берді. Іс-шара барысында оқушыларымыз би билеп, ән айтып, қызықты ойындар ойнап, мерекелерін қуанышты көңіл күймен өткізді. Балаларға арнайы мерекелік балмұздақтар мен түрлі сыйлықтар таратылып, көңілді аниматорлармен флешмоб биін биледі.
🕊 Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!

Июн 1, 2021