КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!
⠀
🔸️Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар! Сіздерді еліміздегі жарқын да қуанышты мереке — Білім күнімен құттықтаймыз!🌹
📖Мектебімізде білім күніне арналған «КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!» атты «Алғашқы қоңырау соғу🔔» салтанатты жиыны санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
📌 Биыл, тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында білім ордамыздың табалдырығын 375 бүлдіршін аттап отыр. Салтанатты жиынға қатысқан мектеп директоры Ж.Садвкасова оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге өз қолымен Ахмет атамыздың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе 📘» оқулығын табыстады.




