9 қыркүйек күні қазақ тілінің қадірін арттыру мақсатында Абай атындағы РММИ — ның ұйымдастыруымен Абай атындағы желілік мектептердің 8- 11 сынып оқушылары арасында “Сүйемін туған тілді-анам тілін “ атты республикалық айтыс өтті. Айтыста оқушылар ана тілдің қасиеті мен қоса Ахмет Байтұрсынұлының өнегесін жырлады.

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің 11-сынып оқушысы Піржан Сандыбай бас жүлдені иеленді. Біз өз кезегімізде шәкіртіміздің жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!